
Әзімхан Аруна Өркенқызы
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Өмірбаян
Әзімхан Аруна Өркенқызы – 1976 жылы 8 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1997 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін әдеби қызмет, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін юриспруденция мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Шиелі ауданындағы №1 балалар бақшасының тәрбиешісі болып бастаған.
1998-1999 жылдары Шиелі аудандық мәдениет үйі жанындағы жылжымалы мәдени қызмет көрсету кешенінің солисті;
1999-2001жылдары Шиелі аудандық мәдениет үйінің методисі:
2001-2002 жылдары Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бұқаралық іс-шаралар дайындау бөлімінің маманы;
2002-2003 жылдары Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының «Сыр Сұлуы» халық ән-би ансамблінің хормейстері;
2003-2007 жылдары Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кадр жөніндегі маманы;
2007-2015 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы;
2015-2022 жылдары Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының театр және филармония бөлімінің басшысы;
2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы қызметін абыроймен атқарып келді.
Аудан әкімінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №79-өкімімен Әзімхан Аруна Өркенқызы конкурс тәртібімен Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.




