
Ермағанбетов Беркінбай Садықұлы
Дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ермағанбетов Беркінбай Садықұлы 1984 жылғы 24 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі кентінде дүниеге келген. 1991–2001 жылдар аралығында Шиелі кентіндегі №46 А.С. Пушкин атындағы қазақ орта мектебінде білім алған. 2014 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетіне оқуға түсіп, 2020 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2002 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастады.
2008–2014 жылдары «РУ-6» ЖШС мекемесінде слесарь-жөндеуші, 2016 жылы «Волковгеология» АҚ-да слесарь-бұрғылаушы болып қызмет атқарды.
2017–2019 жылдары Астана қаласындағы Н.Ә. Назарбаев университетінде спорт нұсқаушысы қызметін атқарған.
2022–2023 жылдары «Шиелі аудандық спорт клубы» КММ директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылғы 28 желтоқсаннан бастап Шиелі ауданының мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
2024 жылғы 18 наурыздан бастап Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін уақытша атқарды.
2025 жылы 25 тамыздан бері Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




