
Ниязов Мұхтар Мәуленұлы
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры» КМҚК-ның басшысы
Өмірбаян
1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2013 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Л.Н. Гумилев атынданы Еуразия Ұлттық Университетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
2009-2011 жылдары "Ақ сөйле" қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарған.
2012-2015 жылдары А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің үйірме жетекшісі қызметін атқарған.
2016-2020 жылдар аралығында "Асыл арна" телеарнасында редактор болып қызмет атқарған.
Қызылорда облыстық "Рухани жаңғыру" орталығында жауапты қызметтерді атқарған.
Осы уақытқа дейін 2020 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры басшысы қызметін атқарады.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры басшысы болып қайта тағайындалды.





