
Көзейбаев Сапар Әлиясқарұлы
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-нің басшысы
Өмірбаян
1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінің тарих факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1997-1999 жж. Қызылорда қаласындағы №7 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі.
1999-2002 жж. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық бөлімінде ғылыми қызметкер.
2002-2009 жж. «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінің директоры.
2009-2014 жж. «Әлиакбар ата Агро» шаруа қожалығының төрағасы.
2014-2019 жж. «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.
2019-2020 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы.
2020-2023 жж. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының м.а.
2023-2026 жж. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарды.
2026 жылғы 15 сәуірінен бастап Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры болып тағайындалды.





