
Мақаш Талғат Бақытбекұлы
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық филармониясы» КМҚК-ның басшысы
Өмірбаян
1974 жылы 19 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1992-1996 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Музыка» мамандығы бойынша бітірген. 2008-2010 жылдары «Болашақ» университеті «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылы тамыз айында № 4 балалар әуез мектебінің мұғалімі.
1998 жылы қазанайында №189 орта мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2002-2005 жылдары қала әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мәселелер және сыртқы байланыс бөлімінің маманы, қалалық мәдениет бөлімінің бастығы, қалалық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы.
2005-2009 жылдары облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұра, музей және кітапхана бөлімінің бас маманы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының директоры; облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін уақытша атқарушысы.
2011 жылы сәуір айынан бастап Қызылорда облыстық филармониясының басшысы қызметін атқарып келеді.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Қызылорда облыстық филармониясының директоры болып қайта тағайындалды.





