
Қинашева Жанар Болатқызы
Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қинашева Жанар Болатқызы1976 жылы 9 сәуірде ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын экономист мамандығын бойынша бітірді.
Еңбек жолын 24 қыркүйек 1997 жылы Зайсан аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің бас маманы қызметінен бастады. 1999 – 2005 жылдары аралығында Зайсан аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің бас экономисі, 2005 – 2006 жылы Зайсан аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджеттін орындалу бөлімінің бас маманы, 2006 жылы Зайсан аудандық қаржы бөлімінің координация және анализ процесінің орындалу бөлімінің бастығы, 2006 – 2015 жылдары Зайсан аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2015 – 2016 жылдар аралығында Зайсан аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы лауазымында болды. 2016 жылдың 28 қарашасынан Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған, 2018 жылдың 19 сәуірінен бастап, конкурс нәтижесінде, осы бөлімнің басшысы лауазымына тағайындалды.


