Зайсан ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Сауыр тауын бойлай өтіп, оның етегінде «Кішкене тау» сайлары арқылы Зайсан ойпатына құлай ағатын көп өзендердің бірі «Жеменей» деп аталды. Осы ну орманды Жеменейдің жоғары саласында 1830-1840 жылдары қазіргі Зайсан қаласының алғашқы іргетасы қаланыпты. Ол алғашқы кезде «Джеменейка» деп аталған. 1830 жылдар шамасында географ-геодезист Маяковский Ертістің Шығыс тұсында пост (күзет орны) орнатуға ұрымтал да қолайлы мекенді белгілеу үшін зерттеуге келеді. Оны Базарка бекетінен руы Таукен Серменұлы Сырымбай бастап келеді.

    «Джеменейка» ұлғайып, көлемді елді мекенге айналды. 1860 жылдан бастап, қала тұрғындарының шаруашылық өмірі Зайсан көлі, Ертіс су жолымен байланысты болды. Сонымен бірге Семей, Павлодар, Қарқаралы, Өскемен қалаларынан Зайсанға ағылған жолаушылар бұл өңірді «Зайсан» деп атады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер қатынастары саласында - электронды мемлекеттік қызмет көрсету

    Жауап

    Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған игі бастамалар жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалар бекітілді. Осы Қағидалармен мемлекеттік қызметтің 6 түрі толық электрондық түрге ауыстырылды. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі құралы электронды үкімет порталы немесе электрондық лицензиялау (www.elicense.kz). Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында ( www.egov.kz ) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет алуға электронды өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге кіру қажет. Бұдан әрі ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалады. Бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі: мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігінде; мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлатуда; мемлекеттік қызметті алумен байланысты уақытша шығындарды кемітуде; азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әркезеңінде оның хабардарлығында; мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігінде; көрсетілетін қызметті берушімен жеке қатынасу кезінде пайда болатын жемқорлық тәуекелдерді азайтуда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып Жер қатынастары саласында мүмкін болатын «Электронды үкімет» (e.gov) веб-порталы немесе электрондық лицензиялау (www.elicense.kz) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақырамыз.

    Сұрақ

    "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"

    Жауап

    Зайсан ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік тұрғын үй алуға есепке тұру үшін сізге электрондық үкімет Веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. ( www.kezekte.kz ) (электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ). Жылжымайтын мүлік бөліміне кіріп, "SHANYRAQ" платформасына сілтеме бойынша өтіңіз, қажетті жолдарды толтырыңыз, мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіңіз.

    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    Жауап

    Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. б.) қарамастан "электрондық үкімет" порталы арқылы Интернет желісіне қолжетімділігі болған кезде www.egov.kz Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру болып табылады. Қызметті онлайн алу үшін ("электрондық лицензиялау" порталында) WWWe.license.kz) авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту, өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет, берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте Менің өтініштерім бөлімінде қадағалауға болады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; 2) Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесін, оның нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда ұсынады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні; Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

    Шешім

    «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

    ЖОБА «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Зайсан аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9072-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін Зайсан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні Зайсан аудандық мәслихатының 2026 жылғы «__»______________шешіміне қосымша Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII шешіміне қосымша Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері 1.Жалпы ережелер Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады. Әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі. Әлеуметтік қолдау Зайсан ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10,1734 (он бүтін он мыңнан бір мың жеті жүз отыз төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

    Жарияланды:
    Құжат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    ​«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалатын 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Жарияланды:
    Құжат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kzинвестициялық порталына жүгінетін қазақстандықтардың саны артып келеді 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Осылайша, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау және зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді. Енді жинақтарды бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) мен инвестициялық портфель арасында бөлуге болады. Бұл азаматтарға өздерінің зейнетақы капиталын басқарудың түрлі нұсқаларын пайдалануға жол ашады. Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жасалатын аударымдар санының өсуіне ықпал етті. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жалпы сомасы шамамен 66,7 млрд теңгені құрайтын 73 456 аударым жасалса, 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 56 956 аударым жүзеге асырылып, олардың жалпы сомасы шамамен 92,0 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары ерекше белсенділік танытып отыр. Аталған кезеңдер бойынша өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық мәліметтер төменде келтірілген. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) Аударым саны Барлығы 66 659 094 302,02 73 456 Ақмола облысы 1 301 404 104,10 1 919 Ақтөбе облысы 3 786 064 527,33 4 359 Алматы облысы 24 711 228,07 066 Атырау облысы 3 943 939 767,44 3 791 Шығыс Қазақстан облысы 1 527 427 793,28 2 045 Жамбыл облысы 1 483 973 244,91 2 134 Батыс Қазақстан облысы 2 292 443 937,59 2 442 Қарағанды облысы 5 265 611 248,47 5 963 Қостанай облысы 1 930 290 043,12 2 855 Қызылорда облысы 1 746 149 958,85 2 378 Маңғыстау облысы 3 496 995 021,36 3 734 Ұлытау облысы 46 219 700,07 054 Абай облысы 1 059 677 818,21 1 685 Жетісу облысы 933 400 854,55 1 349 Павлодар облысы 3 494 934 297,77 3 575 Солтүстік Қазақстан облысы 804 079 529,47 1 160 Түркістан облысы 1 987 795 960,34 2 784 Алматы қаласы 17 633 839 058,41 16 983 Астана қаласы 10 823 707 427,56 10 278 Шымкент қаласы 3 076 428 781,12 3 902 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) количество переводов Барлығы 91 931 522 402,00 56 956 Ақмола облысы 1 832 771 887,08 1 414 Ақтөбе облысы 4 294 913 293,91 3 025 Алматы облысы 27 664 930,76 061 Атырау облысы 4 328 959 177,31 2 410 Шығыс Қазақстан облысы 2 511 877 675,44 1 685 Жамбыл облысы 2 104 796 055,23 1 798 Батыс Қазақстан облысы 3 000 693 685,11 1 902 Қарағанды облысы 7 147 355 461,33 4 722 Қостанай облысы 3 128 383 687,11 2 279 Қызылорда облысы 1 859 242 703,51 1 430 Маңғыстау облысы 4 550 479 005,45 2 621 Ұлытау облысы 61 280 525,21 058 Абай облысы 1 342 445 552,78 1 201 Жетісу облысы 1 451 475 574,53 1 186 Павлодар облысы 3 793 095 242,35 2 636 Солтүстік Қазақстан облысы 1 304 216 236,38 972 Түркістан облысы 2 278 055 124,56 1 806 Алматы қаласы 27 419 578 835,28 14 327 Астана қаласы 15 735 002 693,16 8 680 Шымкент қаласы 3 759 235 055,51 2 743 Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бермес бұрын салымшы басқару шарттары мен инвестициялық стратегияның ерекшеліктерін мұқият зерделегені жөн. Өйткені бұл таңдау қаражаттың қалай инвестицияланатынына және оны орналастыру барысында қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екеніне тікелей әсер етеді.Ең алдымен, ИПБ-ның инвестициялық декларациясымен танысу қажет. Бұл құжатта инвестициялаудың мақсаттары мен тәсілдері, сондай-ақ активтердің құрамына қатысты шектеулер көрсетіледі. Сонымен қатар басқарушы компания алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін және оның қандай қаржы құралдарын пайдаланатынын анықтап алған маңызды.Әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілік көрсеткіштеріне де ерекше назар аударған жөн. Өткен кезеңдердің нәтижелері инвестициялық портфель жұмысының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Алайда бұрын қол жеткізілген кірістілік болашақта да дәл сондай табыс алынатынына кепілдік бермейтінін ескеру қажет. Сондай-ақ тәуекел деңгейін назардан тыс қалдырмаған дұрыс: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өзгеруі мүмкін. Басқарушы компаниялардың ұсыныстарын салыстырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру шарттары туралы толық ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан алуға болады.2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша invest.enpf.kz порталының бірегей пайдаланушыларының саны шамамен 82 мыңға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы қыркүйек айында, яғни салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейген кезеңде тіркелген.Аталған цифрлық платформаны пайдалану арқылы әрбір салымшы басқарушы компаниялардың инвестициялық стратегияларын өз мақсаттарымен, қаржылық күтулерімен және инвестициялық тәуекелдерге дайындық деңгейімен салыстырып, жан-жақты сараланған шешім қабылдай алады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зайсан ауданы әкімдігінің қаулысымен 2026 жылдың қазан айында берілген жер учаскелерінің тізімі

    № п/п Жер пайдаланушының немесе иесініңаты Беру негізі( ның № және күні) Нысаналы мақсаты Алаңы (гектар) Құқық түрі Жалға алу мерзімі 1 Елеубаев Шайхыбек Садыкович №592 01.10.2026 шөп шабу 6,2 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 2 Өкісханов Тынысбек №596 02.10.2026 шөп шабу 8,2 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 3 Ислямов Толеугазы Казымович №597 02.10.2026 шөп шабу 7,4 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 4 Токтасынова Бикамал Тореновна №600 06.10.2026 шөп шабу 7,0 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 5 Абзелқан Асқарбек №601 06.10.2026 шөп шабу 8,5 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 6 Рамазанов Аманжол Кенесович №602 06.10.2026 шөп шабу 6,0 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 7 Самилтырова Бактыбала №607 13.10.2026 шөп шабу 5,0 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 8 Мынбаев Саят Акылбекулы №608 13.10.2026 «Ақылбек» шаруа қожалығын жүргізу үшін 61,7 Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 10 жыл 9 Сәм Ахыметбек №616 19.10.2026 шөп шабу 16,6 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 10 Биякымет Умыт №617 21.10.2026 «Ұлағат» шаруа қожалығын жүргізу үшін 29,6 Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 10 жыл 11 Нұрғали Асылхан №618 21.10.2026 шөп шабу 7,8 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 12 Самарбеков Канатбек Самарбекович №619 21.10.2026 шөп шабу 14,7 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл 13 Едигенов Дулат Кенетайулы №622 22.10.2026 шөп шабу 4,9 Уақытша өтеусіз мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығы 5 жыл

    Жарияланды: