«Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

    Зайсан ауданының әкімдігі

    ЖОБА

    «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы

    №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын

    және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

    Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9072-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін Зайсан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Лауазымы Аты-жөні

    Зайсан аудандық мәслихатының 2026 жылғы «__»______________шешіміне қосымша

    Зайсан аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 28 тамыздағы

    №25/7-VIII шешіміне

    қосымша

    Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері

    1.Жалпы ережелер

    1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
    2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.
    1. Әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері
    2. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
    3. Әлеуметтік қолдау Зайсан ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
    4. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10,1734 (он бүтін он мыңнан бір мың жеті жүз отыз төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.



    Жүктеу
    ac6b657c55101802cd64d82822aae7a3b0ff1f19ef675981b2e8522bd709e998_original.19451.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    ​«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалатын 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kzинвестициялық порталына жүгінетін қазақстанд...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зайсан ауданы әкімдігінің қаулысымен 2026 жылдың қазан айында берілген жер учаскелерінің тізімі

    № п/п Жер пайдаланушының немесе иесініңаты Беру негізі( ның № және күні) Нысаналы мақсаты Алаңы (гектар) Құқық түрі Жалға алу мерзімі 1 Елеубаев Шайхыбек Садыкович №592 01.10.2026 шөп шабу 6,2 Уақытша өтеусіз мерзімді же...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

    «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ мен ККМК «Зайсан» кәсіпорын жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалатын 2026 жылғысыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың ті...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Зайсан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауынөткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Зайсан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауынөткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары №р/с Елді-мекен Мекен-жайы Орналастыруорны 1 Зайсан қал...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Зайсан ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындар (үй-жайлар) туралы ақпарат

    Зайсан ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындар (үй-жайлар) туралы ақпарат № Сайлаушыларменкездесугеарналғанорынжәнемекенжайы 1 Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан аудандық мәдениет үйі» коммуналдық ме...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды: