
Бабағұмарова Әлмира Қинаятолдақызы
Зайсан ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1973 жылы 08 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1991 жылы Қостанай қаласындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы аталған университетті «Тарих, тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы ШҚО, Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. 2001 – 2008 жылдары ШҚО, Зайсан аудандық білім бөлімінің бас маманы, 2008 жылдың 10 шілдесінен 2013 жылдың 11 тамызына дейін ШҚО, Зайсан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. 2013 жылдың 12 тамызынан бастап ШҚО, Зайсан ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.


