
Закенова Гүлмира Зәкенқызы
Зайсан ауданы әкім аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Закенова Гулмира Закеновна 1965 жылы 05 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келді. 1982 жылы «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы орта мектебін аяқтаған. 1984 жылы Талдықорған заң техникумын, 2004 жылы Алматы Орта-Азиялық университетін «құқықтану» мамандығын тәмәмдады.
Еңбек жолы: 1984 жылы ШҚО зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау орталығының инспекторы болып бастаған. 1987 – 1992 жж. Зайсан аудандық атқару комитетінің заңгері; 1992 – 1996 жж. Зайсан аудандық әкімшілігінің АХАЖ бөлімінің тіркеушісі; 1996 – 2011 жж. Зайсан аудандық әділет басқармасы АХАЖ бөлімінің маманы; 2012- 2013 жж. Зайсан аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік - құқытық жұмыстар бөлімінің бас маманы; 2013 – 2015 жж. Зайсан ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы; 2015 - 2020 ж. Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
2020 жылдың 19 наурызынан бастап қазіргі күнге дейін Зайсан ауданының әкімінің аппаратының заң және құқықтық - жұмыстар бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.


