Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы

    «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» КМҚК-ның басшысы

    Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы
    Руководитель

    Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы

    «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» КМҚК-ның басшысы

    Өмірбаян

    1981 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Ақтөбе ауылындағы №109 қазақ орта мектебін бітіріп, «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі өнер-Жыр» кафедрасына оқуға түсіп. Аталған оқу орнын 2002 жылы «Жырау-фольклортанушы, арнаулы пәндердің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.

    2004 –2005 жылдары Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының маманы қызметін атқарған.

    2005 – 2006 жылдар аралығы С.Майқанова атындағы қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып жұмыс жасаған.

    2006-2007 жылдары «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының аға кеңесшісі қызметін атқарған.

    2007–2009 жылдар аралығы «Сыр орманы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарған.

    2009 жылы Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының «Музей, кітапхана, ескерткіштерді қорғау бөлімінің» бас маманы қызметінде жұмыс атқарды.

    2009 – 2011 жылдар аралығында Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарды.

    2011 – 2012 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімін басқарды.

    2012 – 2016 жылдар аралығында Қармақшы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2016 – 2019 жылдар аралығында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың» директоры қызметін атқарды.

    2019 жылдан бастап «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысы қызметін атқарып келеді.

    2024 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қорқыт ата» мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының директоры болып қайта тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері