
Өмірбаян
Кайрат Казбекович Жиналинов 1992 жылы 29 ақпанда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2013 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2019 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру мамандығы бойынша бітірген.
Аудан тұрғындарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін Жітіқара қаласы әкімінің орынбасары Кайрат Казбекович Жаналиновтың WhatsApp месенджерінде байланыс үшін жеке нөмірін жариялаймыз: 8-771-430-39-40.
Еңбек жолын 2013 жылы «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ жастар практикасынан бастаған.
2014 жылғы тамыздан бастап 2016 жылғы қазанға дейін – «Брендт» ЖШС геологиялық бөлімінің тау-кен жұмысшысы болды.
2018 жылғы қарашадан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін – «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет етті.
2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келеді.





