
Жантаев Асылбек Жасұзақұлы
Байзақ аудандық мәслихатының №5 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
ЖАНТАЕВ АСЫЛБЕК ЖАСУЗАКОВИЧ 1976 жылы 13 қаңтарында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкөзек ауылында дүниеге келген.
1981-1992 жылдары Көкөзек ауылындағы Т.Ақбозов атындағы орта мектепті бітірген.
1992-1994 жылдары Жамбыл есеп-статистикалық техникумында "Бухгалтер"мамандығы бойынша білім алған.
1994-1998 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік институтын "Механик" мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылы отбасын құрып, 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеген.
Еңбек жолы:
1998-2002 жылдары-Тараз қаласындағы "САФ" шыны зауытының қауіпсіздік қызметінің басшысы. Сондай-ақ осы ұйымда киг-боксинг бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Таеквондодан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Облыстық таеквондо федерациясының тексеру комиссиясының төрағасы.
2002-2006 жылдары-"КазПромХимМонтаж"АҚ қауіпсіздік қызметінің бастығы.
2006-2020 жылдары - "Аслан" ЖШС күзет агенттігінің директоры.
2008 жылдан "Жасұзақ" шаруа қожалығының иесі.
2020 жылдың наурыз айынан бастап-2022 жылдың 30 наурызға дейін "ҚазМұнайҚұрылыс"ЖШС Бас директоры.
2022 жылдың 1 сәуірінен "ҚазМұнайҚұрылыс"ЖШС қаржы директоры.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы, Байзақ аудандық мәслихатының VII – шақырылым депутаты.





