
Абитаев Бекен Ешенқұлұлы
Байзақ аудандық мәслихатының №15 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Абитаев Бекен Ешенкулович, 1981 жылы 10 наурызда Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота аулында туып өсті. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ
Абитаев Бекен Ешенкулович, 1981 жылы 10 наурызда Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота аулында туып өсті. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ
1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Заң» факультетінің кеден ісі мамандығына түсті.
2003 жылы аталған мамандық бойынша жоғарғы оқу орнын бітіріп, диплом алды.
Аталған оқу орнының қабырғасында әскери кафедрада оқып, запастағы офицер «лейтенант» шенін алды.
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Заң» факультетінің заңтану мамандығына түсті.
2006 жылы аталған мамандық бойынша жоғарғы оқу орнын бітіріп, диплом алды.
2007-2016 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында полиция лейтенанттан бастап полиция майорына дейін қызмет атқарды.
2015 жылы ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» медалімен марапатталды.
2022 жылы 25 қазан – Республика күніне мерекесіне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін Байзақ ауданының әкімі Б.Қазанбасовтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
2017 жылдан бері «Байжанова» шаруа қожалығының мүшесі.
Сонымен қатар 2019 жылдан бері «Қарақат-Димаш» бөбек жайында «бағдарламашы» қызметін атқарады.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
«Аманат» Партиясының мүшесі.





