Балшыбеков Алмаз Іңкәрбекұлы

    Байзақ аудандық мәслимхатының жетінші шақырылым депутаты

    Балшыбеков Алмаз Іңкәрбекұлы
    Депутат маслихата

    Балшыбеков Алмаз Іңкәрбекұлы

    Байзақ аудандық мәслимхатының жетінші шақырылым депутаты

    Өмірбаян

    Мен, Большебеков Алмаз Инкарбекович 1977 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында зиялы отбасында дүниеге келдім.

    Әкем – Большебеков Инкарбек Есенбекович 1946 жылы дүниеге келген, жоғары білімді, еңбек жолын Байзақ ауданында бас есепші болып қызметін атқарған.

    Анам – Большебекова Айтбуби Избасаровна 1947 жылы дүниеге келген, жоғары білімді, мамандығы бухгалтер – экономист. Қазіргі таңда – зейнеткер.

    1984 жылы 40 – жылдық атындағы орта мектебіне бірінші сыныпқа оқуға бардым, жоғарыда аталған мектепті 1994 жылы бітіріп орта білім аттестатын алдым. Сол жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы Медициналық коледжінің «Тіс дәрігері» мамандығына оқуға түстім. 1997 жылы аталған колледжді бітіріп тіс дәрігері мамандығына ие болдым.

    2010 – 2015 жыл Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне «Денсаулық сақтау және басқару» мамандығы бойынша оқу бітірдім.

    1997 жылдан бастап Сарыкемер ауылындағы Байзақ шаруашылық есеп емханасында тіс дәрігері жұмысын бастадым. 1998 – 2004 жылдар аралығында ЖШС «Арай ДЕНТ» мекемесінде директор қызметін атқардым. 2004 – 2012 жыл ЖШС «Шипагер» мекемесінде тіс дәрігері қызметін атқардым.

    2013 жылы жеке тіс емханасын ашып қазіргі күнге дейін тіс емханасын басқарады.

    2006 жылы наурыз айында отбасын құрдым. Жұбайым Саурикова Салтанат Куттыбаевана, жоғары білімді. Отбасымда екі қыз және бір ұлым бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері