Сәлімбаев Исағали Бошқайұлы

    Байзақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы

    Сәлімбаев Исағали Бошқайұлы
    Руководитель аппарата

    Сәлімбаев Исағали Бошқайұлы

    Байзақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Мен, Сәлімбаев Исағали Бошқайұлы 1960 жылы 6 желтоқсанда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ, білімім жоғары.

    1967 жылы Ақжар ауылындағы С. Сейфуллин атындағы сегіз жылдық мектепке қабылданып, 1977 жылы Ақжар орта мектебін бітіріп шықтым.

    1977 жылы, мектепті бітіргеннен кейін Жамбыл облысы, Луговое ауылындағы Жамбылдың зоотехникалық - малдәрігерлік техникумына оқуға түстім.

    1979 жылы бухгалтер мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

    Үйленгенмін. 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірдім.

    Электрондық поштам: [email protected]

    Қызметтік телефоным: 8(726-37) 2-16-12

    Ұялы телефоным: 87779765370, 87072174019

    1979 жылы маусымда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, "Трудовой пахарь" ұжымшарына бригада есепшісі болып жұмысқа қабылдандым.

    1979 жылы қазанда Кеңес Армиясы қатарына шақырылдым.

    1981 жылы қазанда әскери борышымды өтеп келдім. Әскер қатарында Кеңес әскерлерінің Германиядағы тобында атқыш, аға атқыш, бөлімше командирі қызметтерін атқардым.

    1979 жылы қарашадан бастап Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, "Трудовой пахарь" ұжымшарында бұрынғы жұмысымды жалғастырдым.

    1985 жылы қазанда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, "Трудовой пахарь" ұжымшарының бастауыш комсомол ұйымының басқа жұмыстан босатылған хатшысы болып сайландым.

    1988 жылы қыркүйекте Алматының саясаттану және басқару институтына оқуға түсіп, оқу орынының атауының өзгеруіне байланысты 1992 жылы Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтын "Саясаттанушы, әлеуметтік саяси пәндердің мұғалімі" мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

    1992 жылы маусымда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы әкімінің аппаратына жұмысқа қабылданып әкімнің көмекшісі, бас маман, Тіл жөніндегі бас маман лауазымдарын атқардым.

    1995 жылы қазанда Байзақ (Свердлов ауданының атауы өзгерген) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа ауысып бас маман, бас мемлекеттік инспектор қызметтерін атқардым.

    1999 жылы қаңтарда Байзақ аудандық бюджеттік мекемелерінің орталықтандырылған бухгалтериясы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалдым.

    1999 жылы маусымда Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру - кадрлық бөлімінің бастығы болып тағайындалдым.

    2002 жылы қыркүйекте Байзақ ауданы, Түймекент ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым.

    2003 жылы сәуірде Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының жастар саясаты бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалдым.

    2004 жылы қарашада Жамбыл облысы, Байзақ аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып тағайындалдым.

    2005 жылғы қаңтардан бері Байзақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы лауазымын атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері