
Байжарықова Марина Айтмұқанқызы
Байзақ аудандық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты
Өмірбаян
Байжарикова Марина Аитмуханқызы 1988 жылы 22 қаңтарда, Өзбекістан Республикасы, Хорезм облысында дүниеге келген. Тұрмыс құрмаған. Отбасында анасы 2 сіңлісі, 2 інісі бар.
Білімі жоғары:
1995-2004 жылдары Қостөбе ауылына қарасты Н.Крупская атындағы орта мектебінің 9-шы сыныбын аяқтаған соң,
2004-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көп салалы колледжінің «Жерге орналастыру» мамандығына оқуға түсіп, аталған білім ордасын «Инженер-жерге орналастырушы» мамандығы бойынша аяқтаған.
2008-2011жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2011-2013 жж. Осы аталған университетті «Информатика» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алған.
2012-2014 жж. И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде «Информатика және физика» ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2017-2020 жж. - «Параметрлерді компьютерлік басқаруды, оңтайландыру мақсатында биогазды нанотрубаларға өңдеу үшін реакторды басқаруды автоматтандыру» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін аспирантураны аяқтаған.
Еңбек жолын:
2010 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Инновация және кәсіпкерлік» кафедрасында инженер қызметінен бастаған.
2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және информатика» кафедрасына зертхана меңгерушісі болып тағайындалған.
2016-2017жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Информатика» кафедрасына оқытушы болып, 2018 жылдан бері осы аталған кафедарда аға оқытушы қызметін атқаруда.
Сонымен қатар 2012 жылдан бастап Байзақ ауданы, Түймекент ауылында орналасқан «Ақжар» шаруа қожалығын сенім хат арқылы басқарып келген. Шаруа қожалық егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. 2015 жылдан бастап «Ырыс» бағдарламасы бойынша бірнеше миллион тенгеге несие алып, аудандағы асыл тұқымды сүтті ірі қара мал шаруашылығын дамытуда, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындарға сүт өткізілуде. Қосымша жұмыс орындар ашылып, ауыл тұрғыдары жұмыспен қамтылуда. «Сүт бағытындағы Асыл тұқымды шаруа қожылық» статусы алынып қызметі өркендеп келе жатыр.
Шаруа қожалықта қызмет атқара келе 2017 жылы Ел басымыздың қосалқы шаруашылықты дамытып, кооперативтер құру туралы тапсырмасы негізінде Түймекент ауылдық округінде «Бірлік Түймекент» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрған. Кооперативке 40 тан аса қосалқы шаруа қожалықтар оның ішінде «Ақжар» шаруа қожалығы да бірігіп, төмен пайызбен несиелер алынып, алынған несиге ірі қара мал сатып алынды.
Кооперативтің негізгі қызметі кооператив мүшелерінен және жақын маңда орналасқан ауылдардан, құмда орналасқан шаруашылықтардан сүт өнімдерін жинап, оны өңдейтін заводқа жеткізу, сонымен қатар кооператив мүшелерін арзан бағада жем шөппен қамтамасыз ету.
«Бірлік Түймекент» кооперативі сүтті тасымалдау үшін арнайы көлік және сүтті сақтайтын сыйымдылығы 2,5 тонна болатын салқындатқыш танкер, сонымен қатар кооператив мүшелерін құнарлы жеммен қамтамасыз ету мақсатында құрама жем шығаратын цех сатып алды.
Қазіргі таңда кооператив күніне 2000-2500 литр сүт жинап өткізуде, сонымен қатар кооперативте бірнеше қызметкерлер жұмыс атқарып жатыр және 30 дан аса отбасы өзін өзі жұмыспен қамтып, мал басын көбейтіп, әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын көтеруде.
Алда Түймекент ауылынан сүт өңдейтін кішігірім цехтың жұмысын іске қосып, қаймақ, айран және балалар йогуртын өндірумен айналысу мақсатынды жұмыстар атқарылып жатыр.
Инновациялық жобаларда іске асырылып жатыр, «Кавитациялы деспрегаторда субстрат дайындай отырып, шағын өлшемді биогаз қондырғысын құру», «Балама биоэнергетика және шаруа қожалықтарының қалдықтарын шығару» тақырыптары бойынша шаруашылық есептік келісім-шарт жасалып, нәтижесінде ғылыми зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Жоба нәтижесінде мал қалдықтарын өңдеу арқылы баламалы биоэнергия биогаз, табиғи тыңайтқыш алынып, шаруа қожалықтардың қызметінде және егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.
Байжарикова Марина Аитмуханқызы көптеген ғылыми мақалалардың және Органикалық қалдықтарды өңдеу әдісі бойынша патенттің, 3 авторлық құқық объектілерінің авторы.
Сонымен қатар аудан аумағында аз қамтылған көп балалы отбасыларға материалдық көмектер көрсетіп отырады.
Облыс және аудан деңгейінде қайырымдылық іс шараларына белсене ат салысып, қарттар үйлерінеде көмек көрсетіп отырады.
«Жомарт түлек», «Мектепке жол», «Асарлатып үй салу», «Біз біргеміз» т.б. жобаларына белсене қатысқан.
Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты.
2018 жылы Астана қаласында болып өткен «Алғашқы Халықаралық әйелдер форумына» қатысып, «Үздік фермер» номинациясы бойынша Ауылшаруашылығы министрі Ө.Шукеевтің мақтау грамотасымен, 2019 жылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында жұмыспен қамтып, мал басын арттырып Жамбыл облысы бойынша кооператив жұмысын жүргізуде нәтижелі көрсеткіштері көрсеткені үшін «Үздік кооператив» номинациясы бойынша бірінші орын кубогымен, 2020 жылы Байзақ ауданы бойынша аталған кооператив жұмысының нәтижесі бойынша «Ең үздік тауар өндірушісі» номинациясы бойынша бірінші орынмен марапатталған.
Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың, облыс, аудан және ауыл әкімдерінің бірнеше Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.





