
ЕРМЕКОВА ГҮЛБАХРАМ СЕРІКҚЫЗЫ
Байзақ аудандық мәслихатының №13 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Гульбахрам Серікқызы 1973 жылы 09 сәуірде Жамбыл облысы Свердлов ауданында туылған. 1980 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1990 жылы Свердлов ауданы Ленин атындағы орта мектебін бітірген.
Гульбахрам Серікқызы 1990-1995 жылы Жамбыл педагогтік институтында оқып математика және физика мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі 24 жыл. Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолын 1995 жылы Н.К.Киікбаев атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2009-2016 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған
Гульбахрам Серікқызы 2016 жылдың 05 желтоқсанынан бастап Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарып келеді.





