
Калабаев Айдын Бахытбекұлы
Байзақ аудандық мәслихатының №14 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Қалабаев Айдын Бахытбекұлы, 1988 жылы 1 қыркүйекте Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген.
Қалабаев Айдын Бахытбекұлы, 1988 жылы 1 қыркүйекте Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Түймекент ауылдық округі, Түймекент орта мектебінің табалдырығын аттап, кейіннен Сарыкемер ауылындағы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы (бүгінде №1 мектеп-гимназия) орта мектебінің 9-сыныбын тәмамдаған.
2004-2007 жылдары аралығында Тараз политехникалық колледжінің «Қаржы және несие» факультетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
2007-2008 жылдары Семей қаласындағы №44736 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын атқарып келген, алғашқы еңбек жолын «Алди және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепшінің көмекшісі болып бастаған.
2009 жылдан бастап қазіргі таңға дейін жеке кәсіпкер. Сарыкемер ауылында орналасқан «Айдын» мейрамханасы, Тараз қаласындағы «Айдын холл» мейрамханасы халық игілігі үшін қызмет етіп отыр. Кәсіпкерлік саладағы атқарған жемісті қызметі үшін облыстық және аудандық деңгейдегі марапат иегері.
Қазақстан Халық партиясының мүшесі.
Үйленген, отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.





