Қалмаханов Тайхан Сейтмаханұлы

    Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

    Қалмаханов Тайхан Сейтмаханұлы
    Заместитель руководителя аппарата

    Қалмаханов Тайхан Сейтмаханұлы

    Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1976 жылғы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 1999 жылы «Режиссер, суретші мультипликатор» мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институтын, 2007 жылы «Қаржы» мамандығы, 2008 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін оқып бітірді.

    Өзінің еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды қаласы әкімінің жанындағы «Қалалық шаруашылық басқармасы» КМК жетекші маманы қызметінен бастады.

    2002-2014 жылдар аралығында «Қарағанды қаласы әкімінің жанындағы құрылыс, сәулет және абаттандыру басқармасы» ММ сәулет және сәулеттік бақылау бөлімінің бас маманы, «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығы қызметтерін атқарды.

    2014-2016 жылдар аралығында - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

    2016-2018 жылдар аралығында - «Қарағанды облысының құрылыс басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары.

    2019-2021 жылдар аралығында «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарма басшысы қызметін атқарды.

    2021-2023 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

    2023 жылғы 16 мамырдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері