Кенжебеков Руслан Айтыкенұлы

    Қарағанды облысы әкімінің агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі орынбасары.

    Кенжебеков Руслан Айтыкенұлы
    Заместитель акима

    Кенжебеков Руслан Айтыкенұлы

    Қарағанды облысы әкімінің агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі орынбасары.

    Өмірбаян

    Қарағанды облысында 1978 жылы туған.
    Үш жоғары білімі бар - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, «Болашақ» Қарағанды университетін және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі Академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер; экономика және бизнес бакалавры; құқық магистрі.

    Мемлекеттік қызметте 2002 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Абай ауданы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Қарағанды облысының Әділет департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Облыстық монополияға қарсы инспекцияны, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментін басқарған.
    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде кеңесші қызметін атқарған.
    2023–2024 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі болды. Кейін ҚР Үкіметі аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінде өңірлік инспектор қызметін атқарды.
    2024 жылдың қыркүйегінен бастап жаңа тағайындауға дейін «ORKENDEU» бизнес пен инфрақұрылымды дамыту қауымдастығы» жанындағы Монополияға қарсы саясат комитетін басқарды.
    2025 жылғы 23 шілдеден бастап Қарағанды облысы әкімінің агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері