
Сүйінбаев Шыңғыс Нұрманұлы
Қарағанды облысы әкімінің туризм, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
Қ.И.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетін (Стандарттау, метрология және сертификаттау) және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін (Есеп және аудит) бітірген.
Мансабы
Еңбек жолын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «ҚазИнМетр» РМК жанындағы «Қазақстан салыстырып тексеру қызметі» ЕМК Алматы филиалында 1-санатты маман болып бастаған. Кейін тексеру зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде, кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде басшылық қызметтер атқарды.
2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылғы қараша айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы 24 тамызда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.





