
Мелдебеков Берік Әзімханұлы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы
Өмірбаян
Туған күні: 8 маусым 1980 жыл
Білімі, мамандығы (квалификация) М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (құқықтану).
Берік Мелдебеков прокуратура органдарында еңбек жолын 2004 жылдың наурыз айында Алматы облысы Ескелді ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.
Кейін Алматы облысы прокуратурасының азаматтық және әкімшілік істер және атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің заңдылығын, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармаларының прокуроры, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2023-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бөлім бастығы – басқарма бастығының орынбасары болды.
2024 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы болып тағайындалды.





