
Ауғанбаев Нұрлан Жолдасұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы
Өмірбаян
Туған жылы: 20.05.1970
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті
Жамбыл облысы Мерке ауданының қаржы мекемелерінде, атап айтқанда аудандық қаржы бөлімінде штат бойынша экономист, Ұлттық банк РКК бастығының орынбасары, Қазагропромбанк филиалы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды (1993-1995);
Қазагропромбанктің Мерке филиалында заң кеңесшісі болып жұмыс істеді (1995-1996);
ҚР МТК, ҚР ІІМ органдарында тағылымдамадан өтуші, тергеуші, ҚР МТК Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қ. Бостандық АІІБ аға тергеушісі (1997-1999);
ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Алматы қаласы бойынша Салық полициясы комитеті Бас басқармасы Тергеу басқармасының Салық қылмыстарын тергеу бөлімінің тергеушісі (2000-2001);
ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) әртүрлі, соның ішінде басшылық қызметтер (2001-2008);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау комитеті Кедендік бақылау департаментінің бастығы (2008-2009);
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Тергеу департаментінің бастығы (2009-2011);
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (2011-2012);
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес Департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (2012);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы (2014-2015);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары (2015);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі (2015-2016);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ерекше тапсырмалар жөніндегі офицері (2016);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әр-түрлі лауазымдарын атқарды (2017-2021);
Алматы қаласы прокурорының орынбасары (2021-2025);
2025 жылғы 12 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы.





