
Абдраимов Ержан Аманғалиұлы
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы
Өмірбаян
Туған жылы: 29 сәуір 1993 жыл
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
Астана қ. Басқару колледжі, Қазақ инженерлік-технологиялық академиясы, Халықаралық Тараз инновациялық институты (қаржы, менеджмент, құқықтану)
Ержан Абдраимов еңбек жолын 2011 жылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінде бастаған;
Кейіннен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментінің бюджеттік жоспарлау басқармасының экономисі, сарапшысы, бас сарапшысы (2014-2019);
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментінің жиынтық бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (2019-2020);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының басшысы (2020-2024);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы (26.03.2024 бастап қазіргі уақытқа дейін).





