
Жаркенов Қадыржан Бауыржанұлы
Ақпараттандыру және цифрландыру басқармасының бастығы
Өмірбаян
Туған күні: 04 сәуір 1982 жыл
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Кеден ісі).
Жаркенов Қадыржан еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті ақпараттық постының мәліметтерді дайындау бөлімінің маманы болып бастады.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ақпараттық технологиялар басқармасының аға инспекторы, бас маманы, техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2009-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты құқықтық ақпараттандыру бөлімінің ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2010 жылдан бастап прокуратура органдарында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің талдау жұмысы және құқықтық реттеу бөлімінің прокуроры болып қызмет атқарды.
Кейіннен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің аға прокуроры, бөлім бастығы, ақпараттандыру және цифрлық даму басқармасы бастығының орынбасары-бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2024 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттандыру, цифрландыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бастығы болып тағайындалды.





