
Медетбеков Дәурен Түзелбекұлы
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасының бастығы
Өмірбаян
Туған жылы: 26 қазан 1981 жыл
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, мамандығы-құқықтану.
Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған;
Әр жылдары Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған;
2017 жылдан 2023 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуроры, Атырау облысы Жылыой және Исатай аудандарының прокуроры болып қызмет атқарды;
2023-2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды;
2024 жылдан 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қудалау қызметінің басқарма бастығы болып қызмет атқарды;
2026 жылғы ақпан айынан қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды;
2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.




