
Жолдыхожаев Мұрат Жанабайұлы
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян

Туған күні – 19 қаңтар 1987 жыл.
Білімі жоғары.
Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2012- жылдан бастап қазірге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
2015- Шымкент қаласы – Ұлттық жекпе-жек федерациясының президенті;
2015- Қазақстан Республикасы – Ұлттық джиу-джитсу федерациясының вице-президенті;
2015- «Жекпе-жек» Дүниежүзілік қауымдастығының вице-президенті;
2016- жылдың 24 наурыз- 2018 жылдың 8 ақпан Түркістан облысы Ордабасы ауданы мәслихатының VI шақырылым депутаты;
2019- жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының қоғамдық көмекшісі.
2021-2023жж. Шымкент қалалық мәслихатының Vll шақырылымының депутаты.
2022-2023 жж. Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы жанындағы жастар кеңесінің төрағасы.
2025ж.-б.к.д. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы.
Жолдыхожаев Мұрат Жанабайұлы Қазақстан мәслихаттарының Түркістан облысы бойынша «Құрметті депутаты» орденімен, «Халық құрметі» орденімен, ҚР Түңғыш Президенті Н.Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың, «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының Алғыс хаттарымен, Шымкент қаласы әкімінің, Шымкент қаласы мәслихаты хатшысының Құрмет грамотасымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталған, «Қазақстан Республикасы бойынша үздік депутаты», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» атақтарының иегері.





