
Әбішев Бөкейхан Нұралыұлы
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян

Туған күні – 16 қараша 1990 жыл.
Білімі жоғары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығын бойынша, Г.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2015–2016 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облысының Аягоз гарнизонының әскери прокуратурасының прокуроры;
2016–2019 ж.ж. – Қарағанды облысы орталық аймақ әскери прокуратурасының прокуроры;
2019–2021 ж.ж. – Ақмола облысы Целиноград ауданының прокуратурасының аға прокуроры;
01.04.2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Бөрте Милка» ЖШС-ның бас директоры.
Әбішев Бөкейхан Нұралыұлы «Бизнес кемелділік» мүсіншесімен; «Қазақстанның үздік тауары – 2022»; «Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуден озат агроқұрылым - 2022» грамоталарымен; ҚР Президентінің «Алтын сапа - 2022» сыйлығымен наградталған.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





