
Әшірбаев Батырбек Мырзакелдіұлы
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Туған күні – 25 сәуір 1990 жыл.
Білімі жоғары.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, АҚШ-тағы Пенсильвания мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
2015 жылы «Оңтүстік» ӘКК-де сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі менеджер қызметінен еңбек жолын бастаған.
2016-2021 жылдары «Дара Жылукуаты» ЖШС директоры, «OTAU GROUP» HOLDING президентінің кеңесшісі және Қазақстан құрылысшылары одағының Шымкент қаласындағы жауапты хатшысы лауазымдарын атқарған.
2021 жылдан бастап Шымкент қаласындағы «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының директоры қызметін атқарып, құрылыс саласындағы ірі жобаларды табысты басқарып келеді.
2024 жылдан бастап Шымкент қаласы бокс федерациясының президенті және Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы лауазымдарын атқарып, аймақтағы спорт қозғалысы мен саяси қызметке белсене қатысып келеді.
Б.М. Әшірбаевтың Қазақстанның оңтүстігіндегі құрылыс жобаларын сәтті жүзеге асыруға қосқан үлесі жоғары бағаланып, Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Батырбек Мырзакелдіұлы жоғары кәсібилік пен көшбасшылық қасиеттерін танытып, Шымкент қаласының құрылыс саласын, спорттық қозғалысын және қоғамдық-саяси өмірін дамытуға елеулі үлес қосты.





