Шымкент қаласы мәслихаты

    Мәслихат туралы

    Шымкент қаласының мәслихаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала халқының еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган.

    Қала халқы санының артуына және жаңа ауданның құрылуына байланысты жаңадан сайланған мәслихаттың сандық құрамы артты. Бұған дейін мәслихат құрамында 30 депутат болса, қазіргі уақытта оның құрамына 32 депутат кіреді. Партиялық тізімдер бойынша сайланған 16 депутат, оның ішінде: «AMANAT» партиясында 11 мандат, «Ақ Жол» партиясында 3 мандат, «Ауыл» партиясында 2 мандат. 16 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланды.

    Қалалық мәслихаттың өз функцияларын босатылған негізде орындайтын төрағасы мен бюджет және экономикалық даму жөніндегі, инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағаларын қоспағанда, қалалық мәслихат депутаттары өз функцияларын қызметтерінен босатылмаған негізде орындайды.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде қаланың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 6 тұрақты комиссия құрылған:

    • бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия;
    • әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия;
    • құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия;
    • кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссия;
    • жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия;
    • инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссия.

    Ерекше маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізіледі. Комиссиялар мәслихат шешімдерінің, қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметтері туралы есеп береді.

    Депутаттар тұрғылықты жері бойынша халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары сайлаушылармен тұрақты байланыста болуға, оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы үнемі хабардар етіп отыруға міндетті. Депутаттар мәслихатта партиялардың өкілдері ретінде азаматтарды қабылдауды және округтер бойынша жеке қабылдауларды жүргізеді. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, олардың қарауына мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау тәртібі және басқа да ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат регламентінде айқындалады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Кезекті XXXIХ сессия

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 24 қыркүйек сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін. Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 5. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 6. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы; 7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 8. «Шымкент қаласының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 20/173-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 9. «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 10. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 35/320-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы; 11. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/287-VIII шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы; 12. «Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1/5-VIII шешiмiне өзгеріс енгізу туралы. Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы М. Жолдыхожаев Орынд. А.Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-06 Maslihat _ shm @ mail . ru

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кезектен тыс XXXVIII сессия

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылғы 14 тамыз сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін. Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. «2026 – 2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/275-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2. Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілердің тізбесін бекіту туралы; 3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы; 4. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы. Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының м.а. А. Елшиева Орын. А. Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-71 Maslihat_ shm@ mail. ru

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кезектен тыс XXXVII сессия

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін. Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 37/295-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы; 2. Шымкент қаласы мәслихатының ұйымдастыру мәселелері туралы. Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы А. Елшиева Орын. А. Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-71 Maslihat_ shm@ mail. ru

    17 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    XXXVI сессияның өту уақыты ауысқаны туралы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына Сіздерге 2026 жылғы 5 маусым сағат 11.00-де өткізілуі жоспарланған сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 5 маусым күні сағат 9.30-ға ауысқандығын назарларыңызға жеткіземін. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов Орын. А.Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-06 [email protected]

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ-ның 100 % акциялар пакетін, «Шымкент бас жоспар» ЖШС-ның 49 % мемлекеттік қатысу үлесін бәсекелестік ортаға беру бойынша көпшілік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды. Көпшілік тыңдау 2026 жылғы 16 наурызда сағат 11:00-де Шымкент қаласы N. Nazarbaev даңғылы 10/2 мекенжайында орналасқан Түркістан сарайы ғимаратында өтеді.

    16 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кезекті XXХIV сессия

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылғы 19 ақпанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, № 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін. Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы; 2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының атқарылған жұмыстары туралы есебі; 3. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының атқарған жұмыстарының есебі туралы; 4. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы. Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы А. Елшиева Орын. А.Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-06 Maslihat _ shm @ mail . ru

    19 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Жоспар

    Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары

    І тоқсан 1. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы; 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы; 3. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының атқарылған жұмыстары туралы есебі; 4. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының атқарған жұмыстарының есебі туралы. ІІ тоқсан 1. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері; 2. Шымкент қаласы әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебі; 3. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының атқарылған жұмыстары туралы есебі; 4. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының атқарылған жұмыстары туралы есебі; 5. Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының атқарылған жұмыстары туралы есебі; 6. Халықты баспанамен қамту шаралары туралы; 7. Цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстары туралы. ІІІ тоқсан 1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 5. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; 6. Шымкент қаласында білім беру саласында атқарылған жұмыстары және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы; 7. Жылу маусымына дайындық шаралары және Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебі туралы. ІVтоқсан 1. Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі; 2. 2027-2029 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы; 3. Шымкент қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы туралы; 4. Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссия төрағаларының атқарған жұмыстарының есептері туралы; 5. Шымкент қаласы мәслихатының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

    Жарияланды:
    Жоспар

    Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының 2026 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ

    № Іс-шара мазұны Мерзімі Жауаптылар І. Кезекті сессияға ұсынылған мәселелерді дайындау: 1. Шымкент қаласы әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебі І-тоқсан А. Аширов 2. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы І-тоқсан А.Есмурзаева 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы І-тоқсан А.Есмурзаева 4. Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының есебі І-тоқсан А.Мырзабеков 5. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының атқарған жұмыстарының есебі туралы. І-тоқсан С.Исабай А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 6. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері; ІІ-тоқсан А.Аширов 7. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының атқарған жұмыстары туралы есебі ІІ-тоқсан А.Мырзабеков 8. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының атқарылған жұмыстар туралы ІІ-тоқсан А.Аширов 9. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының есебі ІІ-тоқсан А.Мырзабеков 10. Тұрғындарды баспанамен қамту шаралары туралы ІІ-тоқсан А.Мырзабеков 11. Цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстар туралы ІІ-тоқсан А.Мырзабеков 12. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; ІІІ-тоқсан А.Аширов 13. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; ІІІ-тоқсан А.Есмурзаева 14. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; ІІІ-тоқсан А.Мырзабеков 15. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; ІІІ-тоқсан А.Мырзабеков 16. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі; ІІІ-тоқсан А.Аширов 17. Шымкент қаласында білім беру саласында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы; ІІІ-тоқсан А.Аширов 18. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы; ІІІ-тоқсан А.Аширов 19. Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі; ІV -тоқсан А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 20. 2027-2029 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы ІV-тоқсан А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 21. Шымкент қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы туралы; ІV-тоқсан А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 22. Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссия төрағаларының атқарған жұмыстарының есептері туралы; ІV-тоқсан А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 23. Шымкент қаласы мәслихатының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары туралы. ІV-тоқсан С.Исабай А.Мырзабеков ІІ. Тұрақты комиссия мәжілістерінде қаралатын мәселелерді дайындау: 1. Қолданыстағы заңнамамен қала мәслихатының құзыретіне жататын, сондай-ақ мәслихат сессиясында қарау үшін қала әкімдігімен және әкімімен енгізілетін қосымша мәселелерді әзірлеуді іске асыру Қажеттілігіне қарай А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 2. Тұрақты комиссиялардың жұмыстарын, олардың отырыстарын әзірлеу және өткізуді қамтамасыз ету Комиссиялардың жұмыс жоспарына сәйкес А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов ІІІ. Мәслихат аппараты: 1. Мәслихат депутаттарына депутаттық өкілеттіктерін орындауы жөніндегі көмек көрсету, оларды қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдармен, құқықтық кеңестермен қамтамасыз ету Тұрақты С.Исабай А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 2. Депутаттық сауалдар мен өтініштерді қарауды ұйымдастыру, атқарылған жұмыстар жайлы тоқсан қорытындысымен талдау ұсыну Тоқсан қорытындысының кейінгі айдың бірінші он күндігінде А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 3. Мәслихат шешімдерінің, сессияда, тұрақты комиссияларда айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың, депутаттық сауалдардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және сараптама жасау, атқарылған жұмыстар жайлы тоқсан қорытындысымен талдау ұсыну Тоқсан қорытындысының кейінгі айдың бірінші он күндігінде А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 4. Тұрақты комиссиялардың көпшілік тындауларын, отырыстарын, депутаттардың түрлі салалар бойынша нысандарды аралауын, сайлаушылармен кездесуін ұйымдастыру Қажеттілігіне қарай А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 5. Қала мәслихаты сессияларын, кеңестерін, семинарларын және басқа іс-шараларын әзірлеу және өткізу жөнінде жоспарлар жасау және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету Тұрақты С.Исабай А.Мырзабеков 6. Мәслихат сессиясын шақыру туралы мәслихат төрағасының өкімі мен сессия өткізілетіндігі туралы халыққа және депутаттарға арналған хабарламасын бұқаралық ақпарат құралдарында, қала мәслихатының интернет-ресурсында жария ету Сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын А.Мырзабеков А.Аширов 7. Шымкент қаласы мәслихаты шешімдерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаларының сәйкестігін тексеру, редакциялау Сессияға кемінде бір апта қалғанда А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 8. Мәслихат сессияларының жүргізу тәртібін әзірлеу Сессияға үш күн қалғанда С.Исабай А.Мырзабеков 9. Мәслихат сессияларының хаттамаларын рәсімдеу Сессия өткеннен кейін бір апта ішінде А.Аширов А.Байғабулова 10. Тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын рәсімдеу Отырыс өткеннен кейін үш күн ішінде А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов 11. Мәслихат төрағасының сөйлейтін сөздерін әзірлеу Қажеттілігіне қарай С.Исабай А.Аширов 12. Шымкент қаласы мәслихаты туралы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланған материалдарға мониторинг жасау Ай сайын А.Аширов 13. Шымкент қаласы мәслихаты сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларға мәслихатқа қатысты құжаттарды дайындау және енгізу Қажеттілігіне қарай А.Аширов 14. Шымкент қаласы мәслихатының Грамотасымен наградтау бойынша іс жүргізу, «Алғыс хаттар», құттықтаулар дайындау Тұрақты А.Аширов 15. Мәслихат төрағасының мерекелерге орай құттықтаулары мен құттықтау адрестерін әзірлеу Тұрақты А.Аширов 16. Мәслихатқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарауды қамтамасыз ету Тұрақты А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Алибекова А.Байғабулова 17. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің орындалуына талдау жүргізу Ай сайын А.Аширов Байғабулова А.Т. 18. Кіріс құжаттар бойынша орындалуына талдау жүргізу Ай сайын А.Аширов Байғабулова А.Т. 19. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Шымкент қаласы мәслихатына келіп түскен өтініштеріне салыстыру актысын жасап, ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕАЖК-ның Шымкент қаласы бойынша басқармасына өткізу Әр айдың 1-5 күндері аралығында А.Аширов Байғабулова А.Т. 20. Қала мәслихаты төрағасының тұрақты комиссиялардың төрағаларының сайлаушыларды қабылдау кезінде ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету Бекітілген кестеге бойынша А.Есмурзаева А.Мырзабеков А.Аширов А.Байғабулова 21. Мәслихат төрағасының және тұрақты комиссия төрағаларының сайлаушыларды қабылдау кестесін жариялау Тоқсан сайын А.Мырзабеков А.Аширов 22. Мәслихат аппаратында іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру Тұрақты А.Аширов А.Байғабулова 23. Мәслихат сессиялары шешімдерін, мәслихат төрағасының өкімдерін рәсімдеу, тіркеу, сақтау оларды көбейту және көшірмелерін жіберу Тұрақты А.Мырзабеков А.Аширов А.Байғабулова 24. Кіріс, шығыс және ішкі құжаттарды қабылдау, тіркеу, сақтау және орындаушыға жеткізуді жүзеге асыру Тұрақты А.Аширов А.Байғабулова 25. Баспа-бланкі өнімдерін басып шығаруға тапсырыстар ресімдеу, олардың сақталуын қамтамасыз ету Тұрақты А.Аширов А.Байғабулова 26. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштерін қабылдау және есепке алу Тұрақты А.Аширов А.Байғабулова 27. Ағымдағы мұрағатты жүргізу Тұрақты А.Аширов А.Байғабулова 28. Құжаттарды ресімдеу және мұрағатқа тапсыру Белгіленген сақтау мерзімдеріне сәйкес А.Аширов А.Байғабулова 29. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 65-бабының 5-тармағына сәйкес жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін сатып алу туралы шарттарына келісім беру туралы тұрақты комиссияның отырысын ұйымдастыру Қала әкімінің хатына сәйкес А.Есмурзаева Ж.Оңалбаева 30. Кадрлық мәселелер бойынша (жұмысқа қабылдау, босату және т.б.) өкімдердің жобаларын әзірлеу Тұрақты А.Мырзабеков 31. Мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру Тұрақты А.Мырзабеков 32. Мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды ұйымдастыру Әр тоқсан соңында А.Мырзабеков 33. Кадрлық іс жүргізумен байланысты деректерді «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесіне енгізу және персоналмен жұмыс барысында ақпараттық жүйенің әлеуметін толыққанды пайдалану Тұрақты А.Мырзабеков 34. Кадрлық тұрақтылық бойынша есеп дайындау және ұсыну Әр тоқсан соңында А.Мырзабеков 35. Мәслихат аппаратының тәртіптік комиссияның жұмысы туралы есеп дайындау және ұсыну Әр тоқсан сайын есептілік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күні А.Мырзабеков 36. Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету Тұрақты А.Мырзабеков 37. Мәслихат аппараты кадрларының кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамадан өткізу, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету Тұрақты А.Мырзабеков 38. Қала мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүзеге асыру Тұрақты А.Есмурзаева 39. Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енген мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін салыстыру 30 желтоқсанға дейін А.Есмурзаева 40. Қала мәслихатының нормативтік құқықтық шешімдеріне мониторинг жүргізу, Әділет органдарына олардың нәтижесі бойынша мәлімет беру Тұрақты А.Есмурзаева 41. Қала мәслихатының нормативтік құқықтық шешімдерін мәслихат сайтына енгізу Тұрақты А.Есмурзаева А.Аширов 42. Мәслихат аппаратындағы қызметшілердің құқықтық оқыту жоспарларын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету Тұрақты А.Есмурзаева 43. Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жұмыс жүргізу Тұрақты А.Мырзабеков Аппарат қызметшілері 44. Мемлекеттік кірістер басқармасына салықтар мен аударымдардың есебін беру Тоқсан сайын Ж.Маханова 45. Статистика басқармасына еңбек бойынша есебін беру Тоқсан сайын Ж.Маханова 46. Қаржы басқармасына бухгалтерлік баланс бойынша жылдық есебін өткізу Тоқсан сайын Ж.Маханова 47. Қаржы басқармасына қаржының игерілуі туралы талдамалық есебін өткізу Ай сайын Ж.Маханова 48. Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіп, порталға орналастыру Қажеттілігіне қарай Ж.Маханова 49. Шымкент қаласы мәслихатын және оның аппаратын материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету Тұрақты Ж.Маханова 50. 2027 жылға арналған мәслихаттың және мәслихат аппаратының жоспарын дайындап, жобаны ұсыну 20 желтоқсанға дейін А.Мырзабеков

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары

    Жарияланды:
    Шешім

    «2026 – 2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/275- VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:1. Шымкент қаласы мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/275-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:«1. Шымкент қаласының 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:1) кiрiстер – 840 701 325 мың теңге, оның iшiнде:салықтық түсiмдер – 610 532 693 мың теңге;салықтық емес түсiмдер – 15 897 585 мың теңге;негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 728 340 мың теңге;арнаулы түсімдер – 1 894 897 мың теңге;трансферттер түсімдері – 196 647 810 мың теңге;2) шығындар – 838 156 165 мың теңге;3) таза бюджеттiк кредиттеу – 1 673 472 мың теңге, оның iшiнде:бюджеттік кредиттер – 3 869 237 мың теңге;бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 195 765 мың теңге; 4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 1 387 552 мың теңге, оның iшiнде:қаржы активтерін сатып алу – 1 387 552 мың теңге;5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 515 864 мың теңге;6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 515 864 мың теңге.»;көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Шымкент қаласымәслихатының төрағасыМ. Жолдыхожаев

    Жарияланды:
    Шешім

    «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:1. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Шымкент қаласымәслихатының төрағасыМ. Жолдыхожаев

    Жарияланды:
    Шешім

    «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №31/288-VIII шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген шешіммен бекітілген «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«7. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) өкімдерімен және Шымкент қаласы мәслихаты аппараты басшысының (бұдан әрі – аппарат басшысы) бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»;2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:«2-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері»;14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«1) құқықтары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;мәслихат депутаттарынан олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша мәліметтер, ақпарат сұрату;мәслихат пен оның тұрақты және өзге де комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту;мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдары бойынша қарау үшін әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктеріне мәслихат депутаттарының ресми жазбаша сауалдарын жолдау;Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауға қайтару;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды іске асыру.»;15-тармақта:он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«депутаттық сауалдарды есепке алуды және олардың уақтылы қаралуына мониторингті жүзеге асыру;»;мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:«мәслихат депутаттарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағында көрсетілген жазаларды қолданумен байланысты мәселелерді дайындау; мәслихат сессияларының және оның органдарының отырыстарына мәслихат депутаттарының келуін мониторингтеу;»;мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:«Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.»;16, 17, 18, 19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«16. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратын басқаруды аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.17. Аппарат басшысын мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.18. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.19. Аппарат басшысының өкілеттіктері:1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.20. Аппарат басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін аппарат басшысының орынбасары уақытша жүзеге асырады.».2. Осы шешiм, 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.Шымкент қаласымәслихатының төрағасыМ. Жолдыхожаев

    Жарияланды: