
Қожамжарова Дария Пернешқызы
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян

Туған күні – 22 шілде 1962 жыл.
Білімі жоғары.
М.С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы:
1984-1989 ж.ж. – Жамбыл педагогикалық институтының «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасының оқытушысы;
1989-1990 ж.ж. – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының стажер-зерттеушісі;
1990-1995 ж.ж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты;
1995-2001 ж.ж. – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасының аға оқытушысы, доценті;
2001-2003 ж.ж. «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі;
2003-2008 ж.ж. – жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, жаратылыстану-әлеуметтану, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы;
2008-2010 ж.ж. – тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор;
2010-2013 ж.ж. – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор;
2012 жылдың қыркүйек-қараша айларында – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректорының м.а.;
2013-2018 жылдары – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры;
2018 жылдың 18 мамырынан қазіргі уақытқа дейін – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеттің Басқарма Төрағасы - ректоры.
Қожамжарова Дария Пернешқызы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Гордость экономики» орденімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен, Жамбыл облысы әкімінің алғыс хаттарымен және қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін», «Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілерді қысқа мерзімде келтіру мен салу ісіне атсалысқаны үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен және «Алтын Барыс» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





