Султанова Төреайм Жолдыбайқызы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

    Султанова Төреайм Жолдыбайқызы
    Депутат маслихата

    Султанова Төреайм Жолдыбайқызы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Туған күні – 15 қаңтар 1963 жыл.

    Білімі жоғары.

    Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының фармацевтика факультетін, Казпотребсоюз Карағанды экономикалық университетін бітірген.

    Еңбек жолы:

    1995 жылы Шымкент қаласының №152 орталық аудандық дәріханасында провизор-технолог, провизор-талдаушы, рецепт бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

    1998ж. – «Алдияр-Фарм» ЖШС-нің директоры;

    2001-2005ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында фармацевтикалық мәселелерді ұйымдастыру және басқару кафедрасының ассистенті;

    15.01.2012ж. бесінші шақырылымдағы Шымкент қалалық маслихатының депутаты болып сайланды;

    03.2017ж. алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық маслихатының депутаты болып сайланды;

    2021-2023 ж.ж. – жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы маслихатының депутаты;

    30.03.2023 ж. бастап – сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

    Султанова Тореайм Жолдыбайқызы - «Қайырымдылығы үшін «САУАП», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдары ассоциациясының, ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының, ОҚО Азаматтық Альянсының, ҚР ДСМ ОҚО фармацевтикалық бақылау департаментінің, Шымкент қаласы әкімінің, Шымкент қаласы мәслихатының, ҚР ҰКП Атамекен және Іскер әйелдер кеңесінің, «Алдияр-Фарм» ЖШС-нің грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Меценат» байқауының жеңімпазы, «Ең үздік қауымдастық» байқауының жеңімпазы дипломдарымен наградталды.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері