Досалиев Қанатбек Балтабайұлы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

    Досалиев Қанатбек Балтабайұлы
    Депутат маслихата

    Досалиев Қанатбек Балтабайұлы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Туған күні – 12 қараша 1954 жыл.

    Білімі жоғары.

    С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Философия» мамандығы бойынша, Алматы экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген, заң ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолы:

    09.1978 ж. – Жезқазған педагогикалық институтында оқытушылық қызметтен бастаған;

    12.1980 - 12.1983 ж.ж. – ҚазССР ҒА-сы философия және құқық институтының аспиранты;

    01.1984 - 01.1987 ж.ж. – Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушысы;

    01.1987 - 09.1992 ж.ж. – Шымкент педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі;

    09.1992 - 07.1997 ж.ж. – «Қазығұрт-2» шағын кәсіпорнының директоры;

    07.1997 - 08.2001 ж.ж. – Қазақ мемлекеттік заң университетінің Шымкент филиалының директоры;

    08.2001 - 09.2002 ж.ж. – «Қазына» ЖШС директоры;

    09.2002 - 03.2003 ж.ж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Педагогикалық мәдениет және өнер институтының директоры;

    08.2003 - 02.2004 ж.ж. – «Ұлағат» академиясының ректоры;

    09.2004 - 12.2019 ж.ж. –«М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-ның директоры;

    06.02.2020 ж. Бастап қазіргі уақытқа дейін – М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі директорының кеңесшісі.

    Досалиев Канатбек Балтабаевич «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «ҚР кәсіптік және техникалық білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін», «Ерен еңбегі үшін», медальдарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, жұмыстың жоғары сапасы және педагогикаға инновациялық технологияларды енгізгені үшін Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасының дипломы және алтын медалімен наградталған, Төлеби ауданының «Құрметті азаматы», Петровский ғылым және өнер академиясының (Санкт-Петербург қ.) корреспондент-мүшесі.

    «Ауыл» халықтық патриоттық партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері