
Сағиева Салтанат Төлегенқызы
Аудан әкімі аппаратының бірыңғай кадрлық қызметінің басшысы
Өмірбаян
Сағиева Салтанат Төлегенқызы, 1979 жылы туған, білімі жоғары, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Сумен жабдықтау, суды әкету және су қорларын қорғау" мамандығы бойынша, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің магистратурасын "Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде оқытушы-стажер болып бастады, кейіннен оқытушы болып 2011 жылға дейін істеді. 2012 жылдан бастап «Kazminerals» компаниялар тобының «Шығыстүстімет» ЖШС-де өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженері болып, 2013 жылдан 2020 жылға дейін экология инженері болып істеді.
2021 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімі аппаратына бас маман болып мемлекеттік қызметке келді. 2022 жылғы қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының бірыңғай кадрлық қызметі басшысы. наурыздан персоналды басқару қызметінің басшысы.


