
Білісбеков Ерғали Дәулетбекұлы
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Туған күні – 25 маусым 1961 жыл.
Білімі жоғары.
Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «Мәдени ағарту жұмысы» мамандығы, Орталық Азия университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1978 ж. – «Казгалантерейторг» базасынның жұмысшы;
1983 - 1984 ж.ж. – ОКТУ-38 оқу орнының педагог-тәрбиешісі;
1984 - 1988 ж.ж. – Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы;
1988 -1990 ж.ж. – Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары - аға лаборант;
1990 - 2008 ж.ж. – Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен;
2008 - 2011 ж.ж. – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
2011 - 2012 ж.ж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
2012 - 2014 ж.ж. –ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
2014 - 2017 ж.ж. – ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;
2017 - 2018 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы;
2018 – 2020 ж.ж. – Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы;
2020 - 2023 ж.ж. – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
2023 жылғы 30 наурыздан бастап – cегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.
Білісбеков Ерғали Дәулетбекұлы «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдерімен және «Құрмет» орденімен наградталған.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





