
Юсупова Алия Максутовна
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Туған күні – 15 мамыр 1984 жыл.
Білімі жоғары.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унивеситетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, осы оқу орнының магистратурасын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2001 жылдан бастап Мәскеу қаласындағы И.А.Виннер басқарып отырған көркем гимнастика мектебінде жаттыққан;
2002 жылы – Кореяның Пусан қаласында өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері;
2004 жылы Афины қаласында өткен Олимпиадалық ойындарының IV орын иегері;
2005 жылы – Түркияда өткен Әлем Универсиядасының қола жүлдегері;
2006 жылы «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді;
2006 жылы – Азияның абсолюттік чемпионы (Сурат қ., Индия), Азия ойындарының абсолюттік чемпионы (Доха қ., Катар);
2007 жылы Тайландтың Бангкок қаласында өткен Әлем Универсиядасының қола жүлдегері;
2008 жылы – Қытайдың Пекин қаласында, Олимпияда ойындарының V орын иегері;
2009 жылы – Сербияның Белград қаласында өткен Әлем Универсиядасының қола және күміс жүлдегері;
2009 жылы – Қазақстанның Астана қаласында өткен Азия Чемпионатының абсолюттік чемпионы;
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы;
2010 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Көркем гимнастикадан ШҚ № 9 СТМБЖСМ» КММ директоры.
Юсупова Алия Махсутовна «Ерен еңбегі үшін» орденімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиядалық комитетінің медалімен наградталған, Бүкіләлем гимнастика федерациясының «Әлем деңгейіндегі гимнастшы», «Халықаралық деңгейдегі спорт шебері» «Еңбегі сіңген спорт шебері» атақтарының иегері, Қазақстанның 10 дүркін чемпионы.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





