
Мырзаханов Алладин Дінмухамбетұлы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өмірбаяны Өмірбаяны Өмірбаяны
Мен, Мырзаханов Алладин Динмухамбетович 1990 жылы 9 наурызда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, Мақтаарал ауданы облысында туылдым.
2006 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін «учет және аудит» мамандығы бойынша түскенмін.
2020 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолын 2012 жылдан бастап - «Ақ алтын» АҚ, жұмысшы қызметінен бастадым.
2019 жылдан қазіргі таңға дейін «Мырзаханов» жеке кәсіп төрағасымын.
2020 – 2021 жылдары Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына қарасты «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» Мақтаарал аудандық бөлімінің басшысы қызметін атқардым.
Жетінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты болып елге қызмет еттім. «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Қазақстан Республикасы Президентінің, «Аманат» партиясы төрағасының, Түркістан облысы мәслихат хатшысының, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталдым.
Отбасылымын. Жұбайым, екі ұл және бір қыз тәрбиелеп отырмын.
№22 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер!
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде алдыма нақты міндеттер қойып, оны жүзеге асыру жолында жұмыстар жүргіземін.
Еліміздің индустриалды-инновациялық бағдарламалардың орындалып жатқанының нәтижесінде мемлекетіміздің экономикасын нығайту, халқымыздың әлеуметтік, мәдени жағдайларын жақсарту және демократияны дамытудың жаңа ауқымды дәуіріне аяқ басып келеді.
Жетісай ауданы «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген мәселелерді өз баяндамамда нақтылап кетсем. Бағдарламада айқындалған мәселелердің барлығы халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Оған үлес қосу, жүзеге асыруға атсалысу партияның әр бір мүшесіне парыз деп білемін.
Сондықтан өзімді аудандық мәслихат депутаттығына кандидат етіп ұсынуға өтініш бердім.
Егер Сіздердің белсенді де саналы қолдауларыңыздың нәтижесінде депутаттыққа сайланған жағдайда мына мәселелерге баса назар аударатын боламын:
- Адам үшін ең қымбат нәрсе - ол денсаулық. Сондықтан мен дәрігерлердің, денсаулық саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауруханалар мен емханалардың, ФАП-тардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы жұмыстардың орындалуына және Талапты, Жемісті Мақташы елді мекендерінен ФАП-тар салынуына атсалысамын.
- Болашақ – білімде екенін ескере отырып, округімде білім беру деңгейін өркендету, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын, жастардың мәдени-спорттық сауықтыру мәселелері басты назарымда болады. Айта кетсем №68 «Жібек жолы» ЖОМ күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық округтің орталықтағы екі ауылдан шағын футбол алаңшаларын салу, Атамекен елді мекенінен спорт комплекс, мәдениет үйі мен кітапхана салынуына атсалысамын.
- Атамекен ауылдық округіндегі өзекті мәселелер: ауылдағы жолдарды жөндеуді, көшелерді жарықтандыруды облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесе шешуге атсалысамын.
- Ауылдық округке инвесторларды тарта отырып, шағын және орта бизнесті дамыту, жемқорлықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне атсалысамын.
- Мүгедектерге және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беруге әрекет жасаймын.
- Зейнетақы және басқа да әлеуметтік қолдау төлемдерін беретін орындардың жұмысын жақсартуға, жастарды тәрбиелеуге (спорт, мәдениет) ерекше көңіл бөлемін.
- «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жеңістің 40 жылдығы және Жемісті ауылдарындағы жолдарды жөндеуден өткізуге ықпал жасаймын.
- Ауылдық округ шаруалар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы жобаларды іске асыруға атсалысамын.
Құрметті сайлаушылар!
«Аманат» партиясы тарапынан ауданымызды дамытудың 7 басым бағыттары бекітіліп, бүгінгі күнде жұмыстар жүргізіліп келеді.
- Экономикалық тұрақты аймақ;
- Ыңғайлы аймақ;
- Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ;
- Жастарға арналған аймақ;
- Тарих пен мәдениетті дамыту;
- Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
- Қауіпсіз аймақ.
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, ««AMANAT»» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Құрметті сайлаушылар!
«AMANAT» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.
Біздің міндетіміз – Жетісай ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау.
Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз.





