
Кожабаев Азамат Сапарбайұлы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Ө М І Р Б А Я НЫ Ө М І Р Б А Я НЫ Ө М І Р Б А Я НЫ
Мен, Кожабаев Азамат Сапарбаевич, 1977 жылы 10қарашада Алматы қаласында дүниеге келдім. 1983 жылы бұрынғы Киров ауданы Мақталы ауылына қарасты №34-ші А.П.Чехов атындағы орта мектепке барып, 1994 жылы мектепті бітірдім.
1994 жылы "Оралбек-Ата" шаруақожалығында жұмыс атқара жүріп, 2003 жылдан бастап ауыз су оператор қызметін қоса істедім.
2008 жылы Мемлекеттік Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық агробизнес колледжіне түсіп, 2011 жылы техник-мелиоратор мамандығын игеріп шықтым. Сол жылы "Мақталы" ССПК-іне су реттеуші қызметіне тағайындалдым.
2012 жылдан осы уақытқа дейін қазіргі атауы "Қазсушар" РМК ТФ ЖӨБ-сінің К-34 инженер-гидрометрі қызметін атқарып келемін. Сонымен қатар, "Оралбек-Ата" шаруақожалығын кеңейтіп, ұжымдастырып төрағалық қызмет атқарудамын.
2013-2017 жылдар аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің экология мамандығы бойынша БАКАЛАВР дәрежесін алдым.
2017 жылы Мақталы ауылындағы тұрмыстық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы жанұялардың әлеуметтік жағдайын бақылай келе, «Туған жерге мың алғыс» қоғамдық қайырымдылық қорын аштым, аталған қор казіргі таңға дейін жұмыс істеп келеді.
2019 жылдан бері«Ақ алтын» ЖШС-інің «Мақталы» мақта қабылдау бөлімінде басшылық қызметін атқарудамын.
Отбасылық жағдайым- үйленгенмін. 1999 жылы 1-ші сәуірде некеге тұрдым. 4 балам бар.
Жұбайым: Сабырханова Ардақ Тоғманқызы 1979 жылы 23 мамырда ОҚО, Киров ауданында дүниеге келген. Мұғалімдік қызмет атқарады.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Сәлеметсіздерме құрметті жерлестер! Мен Қожабаев Азамат Сапарбаевич 2023 жылдың 19-шы наурыз күні өтетін сайлауға Түркістан облысы Жетісай ауданы Мәслихат депутатына кандидатпын. Мақталы ауылында шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады. Ауылымыздыңқай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады.Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.
Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.
«Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ!». Менің сайлауалды бағдарламамның да мақсаты осыған негізделеді. Ең бірінші Халыққа тұрақтылық, ертеңгі күніне сенімділік, жарқын болашақ керек.
Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, сенім білдірген халықтың өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға кірісетін боламын:
- Қазақ тілі бойынша:
- Ең маңыздысы – қазақ тілін дамытуға да басымдық беріледі.Қазақ тілін дамыту үшін жүйелі, ынталандыратын, ал кейбір жағдайларда қазақ тілін қолдануды талап ететін шаралар жүзеге асырылады
- Біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыратын түрлі этностардың жанжалсыз және үйлесімді өмір сүруі де маңызды
- Ауылымызды көркейту аясында:
- Ауылды сапалы және тиімді ағын сумен қамтамасыз ету, жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру, егілген өнімді көбейтуге және оның сапасын арттыруға бар күш-жігерімді саламын
- Өңірлерді түнгі жарықтандыру шамдарын орнатуға күш салу
- Аймағымыздың ең басты мәселесінің бірі- газдандандыру. Ауылымызды тұтастай газбен қамтамасыз ету үшін күш саламын
- Ауылымызға тас жол және жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салу мәселесін көтеру
- Жаңа әлеуметтік саясат аясында:
- Жастардың бастамаларын барынша қолдай отырып, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасау
- Қарттарды, көп балалы аналарды және әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларды қолдау
Ардақты ауылдастар!
Ортақ Отанымыз Қазақстанды бәсекеге қабілетті ең қуатты мемлекет деңгейіне көтеру жолында сын сағатта жұдырықтай жұмыла білу аса маңызды. Егер Сіздер маған сенім артып, көтерген бастамаларыма қолдау көрсететін болсаңыздар, ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін көтеріп, нәтиже шығару үшін аянбай еңбек етіп, халық пен билік арасында өзара тиімді диалог құруға ықпал ететін боламын. Біз өз күш-жігерімізді біріктірген жағдайда ғана, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін, менің кандидатурамды қолдап дауыс беруге шақырамын!
Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін!
Жарқын болашағымызды бірге құрайық!





