
Исаев Хакарбай Сансызбаевич
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ
Исаев Хакарбай Сансызбаевич 1963 жылы 29 тамызда Киров ауданы қазіргі «Қызылқұм» ауылдық округі Мақталы ауылында дүнеиеге келген.
1970 жылы алғашқы мектеп табалдырығын «Пушкин» жалпы орта мектебін 1980 жылы аяқтады.
1980-1982 жылдары аралығында Киров ауданы 20 Партсъезд совхозының жұмысшысы болып қызмет атқарған.
1982-1984 жылдары аралығында ГСБГ да Германияның Галий қаласында әскери қызметте болған.
1985-1990 жылдары аралығында Шардара ауданы Васход совхозы №3 бөлімшесінің механизаторы болып қызмет атқарған.
1990-1993 жылдары аралығында Шардара ауданы Васход совхозы «Қоссейіт» өндірістік кооперативінің бригадирі қызметін атқарған.
1994-1996 жылдары аралығында Киров ауданы Винсовхоз совхозы №4 бөлімшесінің троктарисі болып қызмет атқарған.
1996-1998 жылдар аралығында Киров ауданы «Малыбай-Ата» шаруа қожалығының механизаторы болып қызмет атқарған.
1999-2020 жылдар аралығында Мақтарал ауданы қазіргі таңда Жетісай ауданының Қызылқұм ауылдық округінің жеке кәсіпкері.
2018 жыл 12 наурызына бастап партия мүшесі.
2021 жылы праймериз сайлауда аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
Жанұялы, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр, жолдасыда ұстаздық қызмет атқарады.
№20 сайлау округі
Сайлау бағдарлама
Экономикалық саясаттың тиімділігі сапалы жұмыс орындарын құру, азаматтардың табысын ұлғайту, білім деңгейін арттыру, денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету міндеттерін іс жүзіне асыра отырып жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуінің нәтижесімен бағаланады.
Сол үшін:
- Әлеуметтік-еңбек қатынастарын нәтижелі түрде реттеуге, әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында жүргізілетін бірыңғай саясатты айқындауға;
- Сайлаушылардың ұсынысы мен сын-ескертпелерінің жергілікті атқарушы органдар тарапынан оң шешім тауып отыруына ықпал етуге;
- Елдегі тұрақтылықты, әлеуметтік ілгерілеушілікті, өндіріс пен шаруашылықты дамытудағы игі істердің дұрыс жүргізілуіне;
- Үкімет тарапынан шығарылған заңдардың халық арасына жетуіне, оны сайлаушыларымның тиімді пайдалана білуі үшін халықтың білімін көтеруге;
- Минималды жалақыны арттыру жолымен халықтың негізгі бөлігінің кірісін жоғарылату қажеттігін қамтамасыз етуге;
- Егістікті өңдеу, тұқым сапасын арттыру және тәжірибе өндірісінің пәрменді технологияларын пайдалану есебінен жер қорларының өнімділігін арттыруға;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін жанар-жағар май материалдарының және техникалық қызмет көрсетудің бағаларын реттеу жүйесін жасауға;
- Ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Осы мақсатта:
- Машиналық әдіспен Шардара су қоймасынан ағын су алу үшін каналды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
- Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға;
- Тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіруге;
- Шаруа қожалықтарын жеңілдетілген минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге;
- Шаруа қожалығына зиянкестерге қарсы қолданылатын биоагент пен гербицидтерді субсидиялауға;
- Жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы жаңа, тың жобаларды іске асыруға;
Аудан тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін
арттыру бағыты бойынша
Х алықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру – менің сайлауалды бағдарламамдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Сол үшін:
- Сайлаушылардың ұсыныстары мен сын-ескертпелерінің жергілікті атқарушы органдар тарапынан оң шешім тауып отыруына;
- Азаматтардың тұрғын үйге қол жетімділігін арттыруда кезекте тұрған отбасылардың баспанамен заңға сәйкес қамтамасыз етілу мәселесін көтеруге;
- Жолдардың сапасын жақсартып, көлік тасымалдау сапасын арттыруда жолдардың орташа және күрделі жөндеуден өтуіне, қоғамдық көліктердің санының артуына, жүргіншілер мен демалушылардың абаттандырылған аймақтарда еркін жүруіне;
- Таза ауыз сумен қамтуда ескі су жүйелерін қайта жаңарту мәселесін көтеруге;
- Сарқынды су және газбен тек қала ішін ғана емес, мөлтекаудандар массивін де қамтып, сарқынды су жүйесімен және газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ электрмен жабдықталуын бақылауда ұстап, аталған жоспарлардың жүйелі түрде жүру мәселесін көтеруге;
- Халық өміріне қауіп төндіретін, күрделі жөндеуді қажет ететін арық-атыз, канал мен су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, қаржыландыру мәселесін шешуге ;
- Жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін шешу жолдарын қарастыруға;
- Экологиялық ахуалды жақсарту, оның ішінде зиянды заттардың таралуы, топырақтың, жердің, ауаның жағдайы, қалдықтарды жою, сондай-ақ онлайн түрінде еркін қолжетімді экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейтуге ; - Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуді жақсартуға, оларды жұмыспен қамтуға, кедергісіз ортаны қалыптастыруға, тұратын жері мен қызмет көрсету мәселесін шешуге ;
- Жас маман дәрігерлерге бюджет есебінен көтерме жәрдемақы төлеуге, баспана мәселесін шешуге ;
- Білім беру мен денсаулық саласында еңбек ететін қызметкерлер мен мамандар мәртебесін мемлекеттік қызметкер деңгейіне дейін жоғарылатуға, оларды тек мемлекеттік грант пен мемлекеттік несие негізінде дайындауға;
- Медицинаны барынша қолжетімді етуге, порталдардың ашылу рәсімін оңтайландыруға, мейлінше тездетіп, азаматтарға қол жетімді етуге;
- Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін медицина қызметкері мен ұстаздардың санаториялар мен демалыс үйлерінде жылына бір рет демалу мәселесін шешуге;
- Салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық және демографиялық жағдайдын жақсартуға;
- Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының ұлттық аккредиттеу жүйесін одан әрі дамытуға, медициналық білім беру ұйымдарының ұлттық институционалдық аккредиттеуді аяқтауға;
- Жалпы білім беру сапасын түбегейлі жақсарту үшін білім беру ісінде креативтілік, сыни ойлау мен коммуникативтілікті дамытуға назар аударуға;
- Орта мектептерде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу мен кәсіби диагностика жүргізу мәселесін шешуді қолға алуға;
- Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейту мәселесін шешуді қолға алуға баса көңіл бөлемін.
Осы мақсатта:
- Қызылқұм ауылдық округі елдімекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуге;
- Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуына:
- «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданның ішкі көшелерін орташа жөндеуден толық өткізуге, аудандық бюджеттен ауданның ішіндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеуге қаражат қарастыруға;
- Үстіміздегі жылы Алғабас, Қызылту және Мақталы елді мекендеріне газ кіргізуге;
- 2023 жылы Қызылқұм ауылындағы Мәметова, Молдағұлова, Мәмбеталиев, Жамбыл,Рысқұлбеков, Майлин, Қызылқұм, үрпек көшелеріне асфальт төсеуге;
2023 жылы Қызылқұм ауылындағы Мәметова, Молдағұлова, Мәмбеталиев, Жамбыл,Рысқұлбеков, Майлин, Қызылқұм, үрпек көшелеріне асфальт төсеуге;
- 2027 жылға дейін алғашқы медициналық көмек көрсету емханасын салуға;
- Аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелердің аула аралау жұмыстарын күшейтіп, жедел респираторлы вирустық инфекция мен коронавирусты ерте анықтау мен алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын уақтылы орындауға;
- Науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектер қорын жасақтауға;
- Қызылқұм ауылдық округінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға;
Қызылқұм ауылдық округінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту;
- «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға материялдық көмектер көрсетуге;
- Бұқаралық спортты дамыту үшін Қызылқұм ауылдық округінің елді мекендерінде спорт алаңшаларын салуға;
- Көкпар, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б. ұлттық спортты дамытуға, сол арқылы 2027 жылға дейін Жетісай ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 45 %-ға жеткізу мақсатында бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын.
Жастар мәселесі мен патриотизм бағыты бойынша:
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі. Санасы сергек, заманауи технологияларды меңгерген нағыз патриоттар ғана сынақтардан сүрінбейді. Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ететін Отанымыздың нағыз патриоттарын тәрбиелеу, бұл – басты құндылығымыз, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.
Сол үшін:
- Барлық жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау үшін жоспарлы жұмыстар жүргізуге және қоғамға жастардың араласуына жағдай жасауға;
- Шығармашылықпен айналысатын жастарға қолдаулар көрсете отырып, креативті индустрияны дамытуды жалғастыруға;
- «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асырып, жастардың өз бизнестерін ашу мәселесін көтеруге;
- Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауда стадион кешенінің жүйелі әрі бұхаралық бағытта дұрыс жұмыс істеуіне;
- Жастардың Отанды қорғау жөніндегі әскери борышын сөзсіз орындауға;
Жастардың Отанды қорғау жөніндегі әскери борышын сөзсіз орындауға;
- Жастарды тұрақты жұмыспен қамту үшін жергілікті жерлердегі шаруа қожалықтары және ұйымдарымен меморандумдар жасауға;
- «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамасының бағдарламаларын іске асыру мақсатында жыл сайын жастарға грант беру арқылы, өз бизнесін ашуға қолдау көрсетуге;
- Еліміздің ұлттық-этникалық ерекшелігіне қарай жастарға халықтық дәстүр мен бабалар рухына негізделген тәрбие жүйесін құруға, осы тәрбиенің білім беру мекемелерінің барлық саласында көтеруге;
- Әр азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуына;
- Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға құрметпен қарау сезімін қалыптастыру үшін түрлі кездесулер мен дөңгелек столдар өткізуге;
- Жастарды Қазақстан халқына адалдық рухындағы патриоттыққа, Отанды қорғау үшін әскери борышын міндетті түрде бұлжытпай орындау бағытында тәрбиелеу мәселесін көтеруге бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Осы мақсатта:
- Аудандағы жаңадан іске қосылатын өнеркәсіп кәсіпорындармен, ұйымдармен меморандум жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Қызылқұм ауылдық округінде мамандарды тұрақтандыру;
- «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамалары бағдарламаларын іске асыру және жастардың өз бизнестерін ашуына жыл сайын 8-ден кем емес гранттар ұсыну;
- Ауылдық округте волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысын дамыту;
- «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастардың жұмысқа тартылуына;
- Ауданда еріктілер ұйымдары мен топтарының қайырымдылық, тазалық және донорлық жұмыстарын қолдап, олардың жүйелі жұмыс істеу;
- «Qaisar» партиялық жобасы аясында жастар арасында жүйелі түрде іс-шара өткізуге;
- «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жас маман» «Жастар тәжірибесі», «Бизнес-бастау», «Серпін» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы жастардың рухани, адамгершілік, азаматтық және денешынықтыру мәдениетін көтеруге белсене қатысамын.
Аудан жұртшылығының қауіпсіздігі мен сыбайлас
жемқорлықпен күрес бағыты бойынша
Ауданды өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін Жетісай ауданының қоғамдық орындары мен көшелеріне бейнебақылау камералары мен шамдар орнату және әртүрлі профилактикалық шараларды өткізу, этносаралық татулықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысын төмендету бағытында мектептер мен колледждерде тәрбиелік-танымдық іс-шаралар өткізу мәселесі маңызды рөл атқарса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Сол үшін:
- Тұрғындардың көшеде қапісіз жүруін қамтамасыз ету үшін көшелерге бейнебақылау камераларын қою мәселесін шешуге;
- Елді мекендерге толықтай жарықтандыру жүйелерін орнату мәселесін шешуге;
- Жол-көлік апаттарын азайту мақсатында тасжолдарға бейнебақылау камераларын орнату мәселесін шешуге;
- Тұрғын үйлерді су басу қауіпі туындамау үшін елді мекендердің ішкі көшелері бойынан су ағып кететін арық салу мәселесін шешуге;
- Бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жоюға, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруға;
- Жемқорлық, оның ішінде бопсалаушылық пен парақорлықтың барлық заңсыз іс-әрекеттердің түрлеріне қарсы тұрып, адал бәсекелестік принципін сақтау мәселесін жолға қоюға;
- Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз ету мәселесін көтеруге белсене қатысамын.
Осы мақсатта:
- Қызылқұм ауылдық округіне қарасты елдімекендерінің көшелерін жарықтандыру мен онда ашық кәріз су желілерін орналастыру;
- Қызылқұм ауылдық окургіне қарасты елді мекендердің көшелерін жарықтардыру;
- Елді мекендерге бақылау камераларын орнатуға;
- Жергілікті полиция қызметкерлерін арнайы автокөліктермен, видео-жетондармен және планшеттермен жасақтандыру;
- Қызылқұм ауылдық округінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қамтамасыз ететін өрт сөндіру бекетін ашу;
- Қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз ету;
- Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруда кешенді жұмыстар атқаруға;
- Газ отынымен жұмыс істейтін қоғамдық көлік санын ұлғайтуға;
- Елдімекендерде сұрыптау желілері бар тұрмыстық қатты қалдық полигонын салуға;
- Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыруға;
- Электр тартқышқа кезең-кезеңімен ауыстыра отырып, экологиялық және энергия тиімді қоғамдық көліктерді дамытуға;
- Әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру;
- Тиісті мемлекеттік қорғау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін жазатын кәсіби журналистерді оқыту және олардың пулын қалыптастыру мәселесін көтеру;
- Сыбайлас жемқорлық, тамыр-таныстықпен күрес жүргізу саласында мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің ашықтығын енгізуге, жемқорлықты тудыратын жағдайлар мен себептерді азайту мақсатында бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын.
Қорыта айтқанда, өзімнің сайлауалды бағдарламаларымда Жетісай ауданындағы және Қызылқұм ауылдық округіндегі өзекті мәселелерді көтеруді жөн көрдім. «AMANAT» партиясы қойған міндеттерді орындау және өзімнің сайлауалды бағдарламамды іс жүзіне асыру үшін аянбай еңбек етіп, аудан тұғындарына қызмет етемін!





