Талипбеков Жанарыс Амантаевич

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Талипбеков Жанарыс Амантаевич
    Депутат маслихата

    Талипбеков Жанарыс Амантаевич

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Ө М І Р Б А Я Н Ө М І Р Б А Я Н Ө М І Р Б А Я Н

    Мен, Талипбеков Жанарыс Амантаевич, 27.03.1987 жылы Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округінде туылдым.

    Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары, «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірдім.

    Отбасымда 1 ұл, 5 қызым бар.

    Жетісай ауданында жеке кәсіпкер қызметін атқарудамын.

    МЕНІҢ МАҚСАТЫМ – Отанымыздың игілігі үшін

    халықтың мүддесін қорғау.

    №19 сайлау округі

    БАҒДАРЛАМАСЫ

    Менің сайлау алды бағдарламам нақты 10 қадамнан тұрады, атап айтсақ:

    1. Қоғамдағы басты байлық – адам, оның заң алдындағы барлық құқықтарының сақталуына және де әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларына, көпбалалы аналарға, мүгедектерге жағдай жасауға ықпал ету.

    2.Абай ауыл округінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

    1. Абай ауыл округінің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету.
    2. Жолдардың сапасын жақсарту.
    3. Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету.
    4. Білім беру сапасын арттыру.
    5. Абай ауыл округі аумағында экологиялық жағдайды жақсарту.
    6. Ауылымдан шыққан дарынды жастарға шығармашылық, өнер, ғылым, спорт және тағы басқа салалары бойынша қолдау көрсетіп, ауыл округтерінде шағын спорт алаңдарын салуға ықпал ету.
    7. Абай ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, облыстық бюждеттен және Жетісай ауданынан бөлінетін қаржы мәселесін қадағалауға, орындалуына ықпал ету.
    8. Сайлаушылар мен тұрақты кездесіп, олардың мұң мұқтаждарын ескеріп, дер кезінде тиісті органдарға ұсыныс беріп, сайлаушылардың берген ұсыныстарының шешілуін қадағалап отыру.

    Егер мен сайлаудан жеңіп шығып, Жетісай аудандық маслихатына депутат болып сайланып жатсам, осы 10 нақты қадаммен бірге, басқа да өзекті мәселелер бойынша түрлі деңгейдегі атқарушы, өкілетті органдар алдында мәселе көтеру, орындалуына ықпал ету, сонымен қатар халыққа керек маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік жасау, менің халық алдындағы борышым деп санаймын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері