Қаныбеков Олжас Болатұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Қаныбеков Олжас Болатұлы
    Депутат маслихата

    Қаныбеков Олжас Болатұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Өмірбаяны Өмірбаяны Өмірбаяны

    Мен, Қаныбеков Олжас Болатұлы 11.02.1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мақтаарал ауданы (қазіргі Жетісай ауданы) Жетісай қаласында дүниеге келдім.

    2012 жылы Халықтар достығы университетінің «Заңгер» мамандығын алдым.

    Еңбек жолын 2013 жылы Кентау қаласы полиция бөлімінде жол полициясы инспекторы қызметінен бастадым, 2015-2016 жылдар аралығында Жеке сот орындаушысының көмекшісі. 2016-2017 жылдар аралығында Жетісай ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы КММ-нің маманы, 2017-2019 жылдар аралығында жеке кәсіпкер. 2019 жылдың ақпан айынан бастап, осы уақытқа дейін «Халықты жұмыспен қамту» орталығы КММ-нің «Әлеуметтік көмек көрсету» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.

    2021 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін.

    Сайлау бағдарламасы

    ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

    Жетісай аудандық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде төмендегі міндеттерді орындауды азаматтық борышым деп білемін:

    Менің бағдарламамның негізгі бағыттары мыналар болмақ:

    Экономика мен кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша:

    Экономикалық саясаттың тиімділігі сапалы жұмыс орындарын құру, азаматтардың табысын ұлғайту, білім деңгейін арттыру, денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету міндеттерін іс жүзіне асыра отырып жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуінің нәтижесіменбағаланады.

    Сол үшін:

    -Азаматтық қоғам мен ондағы азаматтық белсенділіктің жоғары болуы үшін, мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жолашылуы үшін азаматтық қоғамның негізі болып саналатын үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына саяси, құқықтық және әлеуметтік қолдаулармен көмектер көрсетуге, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға;

    -Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу тек билік тарапынан ғана талап етілмей, оған үкіметтік емес сектордың да қатысы бар екендігіне, сол үшін мемлекеттің маңызды әлеуметтік және қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере отырып, жан-жақты шешуде, ашықтық пен жариялықты қамтамасыз етуде үкіметтік емес секторлардың да бірлесе отырып шешуіне, олардың жұмысының жандануына;

    - Әлеуметтік-еңбек қатынастарын нәтижелі түрде реттеуге, әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында жүргізілетін бірыңғай саясатты айқындауға;

    - Сайлаушылардың ұсынысы мен сын-ескертпелерінің жергілікті атқарушы органдар тарапынан оң шешім тауып отыруына ықпал етуге;

    - Елдегі тұрақтылықты, әлеуметтік ілгерілеушілікті, өндіріс пен шаруашылықты дамытудағы игі істердің дұрыс жүргізілуіне;

    - Жаңа кәсіп орындар ашу үшін ауданның жоспарына сәйкес қолға алынып отырған ауданның тамақ өнеркәсібі мен құрылысына қажетті материалдармен қамтамасыз ететін түрлі цехтар мен зауыттардың салыну мәселесін көтеруге;

    - Үкімет тарапынан шығарылған заңдардың халық арасына жетуіне, оны сайлаушыларымның тиімді пайдалана білуі үшін халықтың білімін көтеруге;

    - Елдің экономикасын дамытып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін отандық өндірушілер өндірген тауарлар мен оларға көрсетілген қызмет түрлерінің өзіндік құнын төмендету мақсатында тарифтер мен бағаларды қайта қарап, отандық тауар өндірушілердің санын көбейтуге, қарапайым заттар экономикасын дамытуға;

    - Минималды жалақыны арттыру жолымен халықтың негізгі бөлігінің кірісін жоғарылату қажеттігін қамтамасыз етуге;

    - Елдің тұрақты экономикасы және индустриалдық-инновациялық даму жағдайында аймақтық деңгейде өнеркәсіпті өндіруді одан әрі дамытуға;

    - Егістікті өңдеу, тұқым сапасын арттыру және тәжірибе өндірісінің пәрменді технологияларын пайдалану есебінен жер қорларының өнімділігін арттыруға;

    - Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін жанар-жағармай материалдарының және техникалық қызмет көрсетудің бағаларын реттеу жүйесін жасауға;

    - Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейте отырып, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін қолға алуға;

    - Ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға бар күш-жігерімді жұмсаймын.

    Осымақсатта:

    - Ж.Ералиев ауылдық округінде «ТұранМакта» ЖШС-нің 10 мың тонналық мақта шикізатын қайта өңдеу зауытын ашуға;

    - Ауылшаруашылығы техникаларын жаңартуға;

    - 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіруге;

    - Шаруа қожалықтарын жеңілдетілген минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге;

    - «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына оқытып, жұмыссыз және мал шаруашылығы, балық, құс өсіру кәсібін кеңейту мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға стартап жобасында гранттар алуына жағдай жасауға;

    Аудан тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүрудеңгейін

    арттыру бағыты бойынша

    Х алықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру–менің сайлауалды бағдарламамдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.

    Солүшін:

    - Сайлаушылардың ұсыныстары мен сын-ескертпелерінің жергілікті атқарушы органдар тарапынан оң шешім тауып отыруына;

    - Азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруда кезекте тұрған отбасылардың баспанамен заңға сәйкес қамтамасыз етілу мәселесін көтеруге;

    - Жолдардың сапасын жақсартып, көлік тасымалдау сапасын арттыруда жолдардың орташа және күрделі жөндеуден өтуіне, қоғамдық көліктердің санының артуына, жүргіншілер мен демалушылардың абаттандырылған аймақтарда еркін жүруіне;

    - Таза ауыз сумен қамтуда ескі су жүйелерін қайта жаңарту мәселесін көтеруге;

    - Жас маман дәрігерлерге бюджет есебінен көтерме жәрде мақы төлеуге, баспана мәселесін шешуге ;

    - Білім беру мен денсаулық саласында еңбек ететін қызметкерлер мен мамандар мәртебесін мемлекеттік қызметкер деңгейіне дейін жоғарылатуға, оларды тек мемлекеттік грант пен мемлекеттік несие негізінде дайындауға;

    - Медицинаны барынша қолжетімді етуге, порталдардың ашылу рәсімін оңтайландыруға, мейлінше тездетіп, азаматтарға қолжетімді етуге;

    - Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін медицина қызметкері мен ұстаздардың санаториялар мен демалыс үйлерінде жылына бір рет демалу мәселесін шешуге;

    Осы мақсатта:

    - Жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға тұрғын үйберу мәселесін 2027 жылға дейін толық шешуге және жер алу кезегінде тұрған тұрғындарға жер беру мәселесін шешуге.

    - Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуға;

    - Ж.Ералиев ауылдық округі, Жазықсай елді мекенінің ауыз су жүйелерін жүргізуге;

    - Ж.Ералиев ауылдық округі, Сейфулин елді мекенінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғартуға;

    - Ж.Ералиев ауылдық округі елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуге;

    - «Ауыл–елбесігі» жобасы аясында Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты ішкі көшелерін орташа жөндеуден толық өткізуге, аудандық бюджеттен ауданның ішіндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеуге қаражат қарастыруға;

    - Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға;

    - Үш ауысымды және апаттық мектептердің мәселесін шешуге ықпал жасау.

    - Тұрғындардың көшеде қапісіз жүруін қамтамасыз ету үшін көшелерге бейнебақылау камераларын қою мәселесін шешуге;

    - Қала мен елді мекендерге толықтай жарықтандыру жүйелерін орнату мәселесін шешуге;

    - Жол-көлік апаттарын азайту мақсатында тас жолдарға бейнебақылау камераларын орнату мәселесін шешуге;

    - Тұрғын үйлерді су басу қауіпі туындамау үшін елді мекендердің ішкі көшелері бойынан су ағып кететін арық салу мәселесін шешуге;

    Қорыта айтқанда, өзімнің сайлауалды бағдарламаларымда Жетісай ауданындағы өзекті мәселелерді көтеруді жөн көрдім. «AMANAT» партиясы қойған міндеттерді орындау және өзімнің сайлауалды бағдарламаларымды іс жүзіне асыру үшін аянбай еңбек етіп, аудан тұғындарына қызмет етемін!

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері