Ділдабеков Марат Шабланұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Ділдабеков Марат Шабланұлы
    Депутат маслихата

    Ділдабеков Марат Шабланұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ

    Марат Шабланұлы Ділдабеков 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрыңғы Киров ауданы, Большевик совхозында дүниеге келген.

    1981 жылы орта мектепті бітірген соң Алматыдағы Қазақ ауылшаруашылығы институтына оқуға түсті. 1986 жылы аталған оқу орнының агроном-ғалым мамандығы бойынша бітіріп шықты.

    Еңбек жолын Киров атындағы жеміс-жидек кеңшарында бригадирдің көмекшісі болып бастаған. 1987 жылдан бастап Сайрам ауданында ауылшаруашылығы ғылыми-өндірістік тәжірибе стансасында аға агроном, 1991-1994 жылдары Киров ауданындағы «Прогресс» кеңшарында директордың орынбасары болып істеді. 1994 жылдан күні бүгінге дейін «Шаблан» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарып келеді.

    Өндірісте жұмыс істеумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты, Ол балама негізде Қазақстан ЛКСМ-нің ХҮІІ-ХҮІІІ съездеріне делегат болып сайланды. 1989-1994 жылдары бұрынғы Киров аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды. Ал 1994-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. 2016 жылы Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты, 2018 жылдың шілдесінен бастап Жетісай аудандық мәслихатының депутаты. Елге ауданға еткен еңбектері орасан зор ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып келеді.

    Ауданға еткен еңбектері ескеріліп, 2017 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №10805 Жарлығымен «Ерен еңбегі» үшін медалымен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірнеше рет Алғыс хаттары және грамоталарымен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамоталарымен бірнеше рет марапатталған. Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы. Отбасылы үйленген 4 перзент тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

    №16 сайлау учаскесі

    БАҒДАРЛАМАСЫ

    Құрметті жерлестер!

    2016-2021, 2021-2023 жылдары мені алтыншы, жетінші шақырылымда қолдап, депутат етіп сайлаған едіңіздер. Сенімдеріңізді ақтау мақсатында Шаблан Ділдабеков ауылдық округінде бірқатар жұмыстардың атқарылуына ықпал еттім. Депутаттық мәртебемді өздеріңізге қызмет етуге пайдалану мақсатында 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген сайлауға қатысуды жөн көрдім. Егер сіздердің қолдауларыңызға ие болып, сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының депутаты болып сайлансам, депутаттық қызметімді ауданымыздың, округіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды жүзеге асыруға күш салатын боламын.

    Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін. Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан шаруалардың шешімін таппай отырған өзекті мәселелері мені қатты толғандырады. Қуатты аграрлық сала және бақуатты өңірлер тәрізді бізді басты ұлттық артықшылықтарымызды барынша іске асыруға негізделген жаңа Қазақтанды құру жолында жұмыстанатын боламын.

    «Ауыл Ел бесігі» жобасының басты мақсаты ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Шаблан Ділдабеков ауылдық округінде «Сұлубұлақ», «Сырабат» елді мекендерін «Қызылтаң» елді мекеніндегі «Балдәурен көшесі», «Байдала» елді мекеніндегі Есімов көшесі, «Кемер» елді мекеніндегі «Азаттық» көшесі 2023 жылы асфальтталатын болады. Сонымен қатар Жамбыл елді мекенін асфальттау, жарықтандыру, тас төсеу жұмыстарын, «Күрішті» елді мекеніне газдандыру жұмыстарын жүргізілуіне ықпал етем. Ауданымыздағы өзекті мәселенің бірі тік дренаж мәселесі болғандықтан арнайы депутаттық сұраныспен үкіметке жүгініп 2023 жылы округімізде бұл мәселенің шешімін табуына ықпал ететін боламын. Шаблан Ділдабеков ауылдық округіндегі басты өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

    Алдағы уақытта да Сайлаушылармен етене араласа отырып, олардың ұсыныс - пікірлерін, жеке және ортақ мүддеге сыйысатын талаптарын жоғары орындар мен құзіретті мекемелерге жеткізіп, орындалуына атсалысамын.

    Қымбатты сайлаушылар!

    Тәуелсіз еліміздің алар асуы мен бағындырар биігі әледе алда. Осы жолда әр бір қазақстандық азаматтардың өз еліне, жеріне қосар үлесі болу керек. Мен өз елімнің патриоты ретінде мемлекетімізді дамытуға өз үлесімді қосу үшін осы сайлауға қатысқанды жөн санап отырмын. Еліміздің егемендігін нығайту жолында аянбай еңбек ететін боламын.

    Біздің тірегіміз-тәуелсіздік, тілегіміз-тұрақтылық, білегіміз-бірлік!

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері