
Дильдабаев Бекет Маратұлы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өмірбаяны Өмірбаяны Өмірбаяны
Мен, Дильдабаев Бекет Маратұлы, 1990 жылы 14 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, қазіргі Асықата кентінде дүниеге келдім.
Білімім – жоғары. 2006 жылы Тараз қаласыдағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжіне "Жерге орналастырушы" мамандығын түсіп, 2010 жылы тәмамдап, қайта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Жерге орналастыру" мамандығы бойынша бакалавры болып 2013 бітірдім.
Еңбек жолымды 2011 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында Мақтарал аудандық жер кадастр филиалында техник-жерге орналастырушы маманы болып бастадым, кейін осы салада жетекші маман, бас маман жерге орналастырушы қызметтерін атқардым. 2018 жылдан бастап бүгінде өзімнің қажырлы енбегімнің арқасында жылжымайтын мүлік саласы (БТИ), жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және жер кадастр бөлімдерін біріктіріп, қазіргі таңда жаңадан құрылған Жетісай аудандық Тіркеу және жер кадастр бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарудамын. "AMANAT" партиясының 24.08.2020 жылы мүшесімін.
Жанұялымын. бір ұлым, бір қыз тәрбилеп отырмын.
Сайлауалды бағдарлама: Сайлауалды бағдарлама: Сайлауалды бағдарлама:
- Ауылдық округтегі өзекті мәселенің бірі ауыл шаруашылық жерлерін дамыту. Оған тік дренаждарды іске қосуға және су қашырқыларын тазалауға ат салысу.
- Біздің өңірдің бірінші күнкөрісі ауылшаруашылыққа байланысты болуына себеп шаруа қожалықтарына жанар-жағармай майларды уақытылы жеткізуге. - Шаруаларға жеңілдетілген минаралды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету.
- Жаңа дала, Ақниет, Көрікті, Ағынсай Әдената, Үшкөпір елді мекендерінің тұрғындарының дұрыс өмір сүруіне сәйкес аула ішілік аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, сәулеттік келбетін келтіру жұмыстарын жүргізуге және тазалығына ерекше назар аударамын.
- Жаяу жүргінші жолдары (аяқ жол) және стандартқа сай жол кедергілері мен жол белгілерімен қамтамасыз етуге;
- Балалардың, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, қазіргі жастар бос уақытын көбіне интернетте, букмекерлік кеңселерде өтткізеді. Ол үшін елді мекендерде қосымша білім беру меммелерін ашуға ықпал етемін. Ол саз мектебі, би мектебі, өнер, спорт мектептерімен, спорт алаңдары.
- Ел ішінде белең алып бара жатқан мемлекетте рұқсат етілмеген діни ағымдардан, экстримистік топтардан, ата-анасың қарттар үйіне, балашағасын жетімдер үйіне тастап жатқан қаншама азаматтарыңызбен, азаматшаларымыз бар. Осы мәселені ата-аналармен, құқық қорғау огандарымен, ауыл имамдарымен бірлесе ықпалды жұмыс жүргіземін.
- Медициналық қызмет көрсету сапасын мен қолжетімділікті арттыруға:
- Ынтымақ ауылдық округі, Үшкөпір елді мекенің жерлерін ұлғайтуға ат салысу. Ауылдың ұсынысы бойынша жер учаскесін бөлу бойынша жұмыс атқаруға.
- Ынтымақ ауылдық округі, Үшкөпір елді мекені және Әден ата елді мекені ұялы байланысын пен интернетті жақсартуға.
- Ынтымақ ауылдық округі, Әдената елді мекеніндегі Ынтымақ мектебі күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге ат салысуға:
- Ділдабеков ауылдық округі Жаңа дала елді мекеннің табиғи газбен қамтамасыз етуге;
- Қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз ету;
- «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданның ішкі көшелерін орташа жөндеуге, аудандық бюджеттен ауданның ішіндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеуге қаражат қарастыруға;
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ынтымақ ауылдық округі, Ақниет елді мекені мектептің құрылысын салдыруға жұмыс жасауға;
- Ынтымақ ауылдық округі, Ақниет елді мекені замануи медициналық пункттің жаңа ғимаратын салынуын ықпал етемін.
- Ынтымақ ауылдық округі, Ақниет елді мекені замануи спорт аланың салынуын ықпал етемін.
- «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асырып, жастардың өз бизнестерін ашу мәселесін көтеруге;
- «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жас маман» «Жастар тәжірибесі», «Бизнес-бастау», «Серпін» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы жастардың рухани, адамгершілік, азаматтық және денешынықтыру мәдениетін көтеруге;
- Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін қалалар мен елді мекендерде «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жасөспірім» профилактикалық шараларды жүйелі, жоспарлы түрде өткізу мәселесін шешу;
Құрметті сайлаушылар!
Барлық үміткерлерге сәттілік тілей отыра айтатыным Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай "Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет етуге және де руға, Ұлтқа бөлінбей қызмет істеуге шакырамын. Біз біріксек алынбайтын асу, бұзылмайтын қамал жоқ дегендей маған дауыс беріп берген дауыстарыңыз -өңірдің өркендеуіне қосылған үлес деп білемін. Мен Ынтымақ ауылдық округі, Жаңа дала елді мекені тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Мықты мемлекет құрамыз!





