Байысбаев Елдос Кабырханұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Байысбаев Елдос Кабырханұлы
    Депутат маслихата

    Байысбаев Елдос Кабырханұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ

    Мен, Байысбаев Елдос Кабырханұлы, 1991 жылы 30 мамырда қәзіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кентінде дүниеге келгенмін.

    1997 жылы Асықата кентінде орналасқан "Жеңіс" көп салалы мектеп гимназиясының бірінші сыныбына қабылданып, 2008 жылы аталған білім ошағын аяқтап шықтым.

    2008 - 2012 жыл аралығында Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университінен «Инженер технолог» мамандығы бойынша білім алдым .

    Еңбек жолын 2012 жылы жеке кәсібімді ашып, жұмыстардым жүргіздім.

    2018 - 2021 жылдар аралығында "Construction Group SAMRUK" ЖШС-нің директор орынбасарының қызметін атқардым.

    2021 жылдан бастап "Construction Group SAMRUK" ЖШС-нің директор қызметін атқарудамын.

    Сайлауалды бағдарламасы Сайлауалды бағдарламасы Сайлауалды бағдарламасы

    Өзім үміткер болып табылатын №14 сайлау округінен Жетісай аудандық мәслихатының депутаты болып сайлансам, осы округке қарасты Асықата кенті, Ынтымақ ауылдық округінің Талапты және Нұрауыл елді мекендерінің кезек күттірмейтін проблемалық мәселелерін бірінші кезекте шешуге ат салысамын.

    Осыған орай төмендегі сайлауалды бағдарламамды ұсынып отырмын:

    1. Асықата кенті, Ынтымақ ауылдық округінің Талапты және Нұрауыл елді мекендерінің тазалық, көгалдандыру және абаттандыру мәселелеріне аса назар аударамын.
    1. Асықата кенті, Ынтымақ ауылдық округінің Талапты және Нұрауыл елді мекендері тұрғындарын толық сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, ауызсудың 24 сағат тоқтаусыз берілуіне жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізетін боламын.
    1. Өздеріңізге белгілі Асықата кентінің жауын-шашын жауса жерге сіңбей, су басып қалатын жерлері бар, аталған мәселені шешу мақсатында кентке тік дренаждар салу мәселесіне ат салысамын.
    1. Өзіме қарасты елді мекендердің ішкі жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге, тозығы жеткен көшелерге тас төсеу, асфальттау, топырақ жолдарды жөндетуге бар күші жігерімді саламын.
    1. Өздеріңізге белгілі бүгінгі таңда оқушыларға және мұғалімдерге заман талабына сай жұмыс істеп, оқу үшін сапалы интернет күші жетіспейді, шалғай ауылдарда тіптен байланыс жоқ, осыған орай жауапты байланыс операторларымен бірлесіп интернеттің сигнал күшін арттыруға жұмыс жүргіземін.
    1. Асықата кентінде орналасқан, өзіме қарасты аумақтардағы көпқабатты үйлердің арасына балалар ойын алаңшаларын салуға жұмыстар жүргіземін.
    2. Автокөліктер көп жүретін жол қиылыстарына бағдаршамдар және жол кедергілерін орнатуға ықпал жасаймын.
    1. Оқушылардың және бүлдіршіндердің, жалпы тұрғындардың білім ошақтарына, медицина нысандарына баратын жол бойларына аяқжолдар салуға және жарықтандыруға күш-жігерімді саламын.
    1. Өзім жеке кәсіпкер ретінде жас азаматтарды кәсіпке бауулуға, кәсіпкерлерге қолдау ретінде мемлекеттен берілетін бағдарламаларды тұрғындарға түсіндіруге ат салысамын.
    1. Ынтымақ ауылдық округінің Талапты елді мекеніне заманауй үлгідегі мәдениет үйі мен спорт алаңшасының сапалы және уақытылы салынуына ықпал жасаймын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері