
Утанов Алихан Айдарханович
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өмірбаяны Өмірбаяны Өмірбаяны
Мен, Утанов Алихан Айдарханович 1978 жылы 20 наурызда Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында туылдым.
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін халықаралық «экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін халықаралық «экономикалық қатынастар» магистрі академиялық дәрежесі бойынша бітірдім.
Еңбек жолын 2001 жылдан бастап «Тұран Әлем Банкі» АҚ, Кадрлар департаменті, Банк оқыту орталығынан сынақ мерзімінен өтуші, Корпоративтік бизнесті басқару жөніндегі маманы қызметтерінен бастадым.
2002 жылы «Корпорация НИМЭКС» ЖШС, филиалдарды басқару департаментінің менеджері болып қызмет атқардым.
2002 жылы «Ақ-Алтын» АҚ Қаржы менеджері, 2007 жылдан бастап «Ақ-Алтын» ЖШС атқарушы директоры қызметтерін атқардым.
2012 - 2018 жылдар аралығында «Ақ-Алтын» ЖШС кәсіпорын директоры болып мекемені басқардым.
2018 жылдан бастап 2023 жылдар аралығында Түркістан облысы, Жетісай ауданы мәслихатының хатшысы, төрағасы қызметтерін атқардым.
Бесінші, алтыншы шақырылымдардағы Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты болып елге қызмет еттім. Алтыншы, жетінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихат хатшысы, төрағасы лауазымдарын атқардым. «AMANAT» партиясының мүшесімін.
2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» Мемлекеттік наградасымен марапатталдым. «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталдым. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Сенаты Төрағасының, «Аманат» партиясы төрағасының, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталдым.
Отбасылымын. Жұбайым, бір ұл және екі қыз тәрбиелеп отырмын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер!
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде алдыма нақты міндеттер қойып, оны жүзеге асыру жолында жұмыстар жүргіземін.
Еліміздің индустриалды-инновациялық бағдарламалардың орындалып жатқанының нәтижесінде мемлекетіміздің экономикасын нығайту, халқымыздың әлеуметтік, мәдени жағдайларын жақсарту және демократияны дамытудың жаңа ауқымды дәуіріне аяқ басып келеді.
Жетісай ауданы «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген мәселелерді өз баяндамамда нақтылап кетсем. Бағдарламада айқындалған мәселелердің барлығы халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Оған үлес қосу, жүзеге асыруға атсалысу партияның әр бір мүшесіне парыз деп білемін.
Сондықтан өзімді аудандық мәслихат депутаттығына кандидат етіп ұсынуға өтініш бердім.м
Егер Сіздердің белсенді де саналы қолдауларыңыздың нәтижесінде депутаттыққа сайланған жағдайда мына мәселелерге баса назар аударатын боламын:
- Адам үшін ең қымбат нәрсе - ол денсаулық. Сондықтан мен дәрігерлердің, денсаулық саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауруханалар мен емханалардың, ФАП-тардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға және санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы жұмыстардың орындалуына атсалысамын.
- Болашақ – білімде екенін ескере отырып, округімде білім беру деңгейін өркендету, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын, жастардың мәдени-спорттық сауықтыру мәселелері басты назарымда болады.
- Асықата кентіндегі өзекті мәселелер: кенттегі жолдарды жөндеуді, көшелерді жарықтандыруды облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесе шешуге атсалысамын.
- Кентті көріктендіруге, кенттегі саябақты кешенді абаттандыруға, кент тұрғындарына үй іргелік ағын су жүйелерін жүргізуге тиісті орындарға қаражат бөлдіру назарымда болады.
- Кенттегі шағын және орта бизнесті дамыту, жемқорлықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне атсалысамын.
- Асықата кентінің «Партком» мөлтек ауданындағы жер асты суларының көтерілуіне байланысты тік дренаждарды қайтадан орнықтыру басты назарымда болады.
- Мүгедектерге және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беруге әрекет жасаймын.
- «Көктөбе» елді мекендеріне жағажай және таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысын жасаймын.
- Зейнетақы және басқа да әлеуметтік қолдау төлемдерін беретін орындардың жұмысын жақсартуға, жастарды тәрбиелеуге (спорт, мәдениет) ерекше көңіл бөлемін.
- Кентте халық саны жылдан-жылға өсуде, оларға тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салуға жер учаскелері жоқ. Осыған байланысты кенттің бекітілген бас жоспары бойынша жұмыстар жүргіземін.
- Мәдениет үйіне (бұрыңғы кинотеатр) жастардың бос уақытында кино көретін жаңа талаптарға сай кинопроектор қою керек. Сондай-ақ Абай атындағы орталық кітапханада кітаптар қоятын бөлмелер жетіспейді, ғимараттың жанына қосымша бөлмелер салу қажет осыны іске асыруға жұмыс жүргіземін.
- «Корпорация Ақ Алтын» ЖШС-нің мақта сатып алу, өңдеу және сақтаумен айналысатын болғандықтан тауар өндіруші шаруа қожалықтармен әріптестік орнатып, өндіру, өңдеу және тиімді сатуға ықпал жасаймын.
Құрметті сайлаушылар!
«Аманат» партиясы тарапынан ауданымызды дамытудың 7 басым бағыттары бекітіліп, бүгінгі күнде жұмыстар жүргізіліп келеді.
- Экономикалық тұрақты аймақ;
- Ыңғайлы аймақ;
- Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ;
- Жастарға арналған аймақ;
- Тарих пен мәдениетті дамыту;
- Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
- Қауіпсіз аймақ.
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, ««AMANAT»» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Құрметті сайлаушылар!
«AMANAT» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.
Біздің міндетіміз – Жетісай ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау.
Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз.





