Сұлтанмұрат Айбек Оразханұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Сұлтанмұрат Айбек Оразханұлы
    Депутат маслихата

    Сұлтанмұрат Айбек Оразханұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Өмірбаяны Өмірбаяны Өмірбаяны

    Мен, Сұлтанмұрат Айбек Оразханұлы, 1995 жылдың 14 наурызында Мырзашөл өңірінде туылып өстім. 2001 жылы Жетісай ауданындағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясына барып, 5-ші сыныптан бастап, 2005 жылы Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебінде оқып, 2012жылы осы мектептің түлегі болып шықтым. 2013жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша білім алып, 2017 жылы тәмамдадым. 2017 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің магистратурасына түсіп, 2018 жылы бітіріп шықтым. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде экономика мамандығы бойынша оқудамын.

    Еңбек жолымды 2020 жылы «Жетісай қызмет» КММ-нің абаттандыру бөлімінің меңгерушісі қызметін, 2021 жылы сол аталған мекеменің директоры орынбасары қызметтерін атқардым. 2021-2022 жылдары Жетісай аудандық мәслихаты депутаты болып сайландым. Қазіргі таңда өзімнің жеке кәсібімді дөңгелентудемін. Отбасылымын, 4 қыздың әкесімін.

    Сайлауалды бағдарламасы

    Қымбатты жерлестер!

    Қасиетті өлкемнің тарихы, халқымның қажеттіліктері маған етене таныс.

    Мен, алдыңғы 7 шақырылымда осы Жылысу ауылдық округіне Жетісай аудандық маслихатының депутаты болып сайланған болатынмын. Халық қалаулысы бола жүріп, өзіме бекітілген Жылысу ауылдық округінде біршама жұмыстар атқардым.

    Ендігі жерде, Жылысу ауылдық округі бойыншаСейфуллин елді мекенін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына енгізуге ықпал жасаймын.

    8-ші шақырылымдағы депутаттыққа үміткер болудағы мақсатым, 7-ші шақырылымдағы өзімнің бітіре алмай қалған жоспарларымды іске асыру.

    Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сол жастардың сауатты да, салауатты болып жетілуі үшін, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасау керек.

    1. Ауылды жерлерде жабық спорттық комплекстер салу;
    2. Футбол алаңшаларын салу;
    3. Ауыл көшелерін толығымен жарықтандыру;
    4. Аяқжолдарын салу;
    5. Бөбектерге ойын алаңдарын салу;
    6. М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу;
    7. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу;
    8. С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу;
    9. Ауыл округіндегі істен шыққан тік дренаждарды іске қосу;
    10. Жылысу ауылына заманауи саябақ салу;
    11. «Абай ауыз суды» 2023 жылы пайдалануға бергізу;
    12. Кәсіпкерлерді мемлекеттің тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелермен қамтылуына, ықпал жасау;
    13. Жылы су елді мекендерінің газдандырылуына ықпал жасау;
    14. Ағын суды суармалы жерлерге уақтылы бергізуге ықпал жасау;

    Қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларыммен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша бәсекелесе жүріп, өз үлесімді қосып жұмыс атқарамын!Қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларыммен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша бәсекелесе жүріп, өз үлесімді қосып жұмыс атқарамын!н!

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері