Дуйсебаев Хамит Аблаевич

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Дуйсебаев Хамит Аблаевич
    Депутат маслихата

    Дуйсебаев Хамит Аблаевич

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Өмірбаян Өмірбаян Өмірбаян

    Дуйсебаев Хамит Аблаевич 1985 жылы 18 сәуірде Мақтаарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Б.Майлин атындағы орта мектепті бітірген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң Университетіне түсіп, 2006 жылы аталған университеттің «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығын алып шықты.

    2011 жылы отбасын құрып, қазіргі кезде жұбайымен бірге 3 қыз және 2 ұл тәрбиелеуде.

    Еңбек жолы:

    09.04.2007-02.07.2008 жылдар аралығында Шымкент қаласы «АТФ Банк» АҚ филиалының Жетісай қалалық №1 бөлімшесінде кассалық операциялар секторының бақылаушы кассир қызметін атқарған. 02.08.2008-19.08.2011 жылдар аралығында Шымкент қаласы «АТФ Банк» АҚ филиалының Жетісай қалалық №1 бөлімшесінде есептік кассалық қызмет корсету секторының маманы, 19.08.2011-13.08.2012 жылдар аралығында Шымкент қаласы «АТФ Банк» АҚ филиалының Жетісай қалалық №1 бөлімшесінде бөлшектік сатылымдар бөлімінің бақылаушы қызметтерін атқарған. 13.08.2012-03.03.2014 жылдар аралығында Шымкент қаласы «АТФ Банк» АҚ филиалының Жетісай қалалық №1 бөлімшесінде несие бөлімі бойынша жеке тұлғалар консультанты қызметін атқарған. 04.03.2014-29.12.2014 жылдар аралығында Шымкент қаласы «АТФ Банк» АҚ филиалының Жетісай қалалық бөлімшесінде басшы қызметін атқарды. 18.02.2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының «Нұрбанк» АҚ Жетысай қалалық бөлімшесінің басшысы қызметін атқаруда.

    БАҒДАРЛАМАСЫ

    Егерде мен өзім үміткер болып табылатын Жаңа ауылдық округінің Ынтымақ, Қарой және Жылы су ауылдық округі, Мырзашоқы елді мекендері округінен депутат болып сайлансам, бірінші кезекте сайлаушыларымның өтініштері мен ұсыныстарын әрдайым басшылыққа алып жұмыс жасаймын. Сонымен қатар өзімнің округім болып табылатын елді-мекендердің әлеуметтік экономикалық мәдени және тұрмыстық жағдайын жақсартуды өзімнің басты міндетім деп санаймын. Осы мақсатта жүзеге асыру үшін төмендегі бағдарлама сәйкес жұмыс жасайтын боламын:

    1. Өздеріңізгі белгілі, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекені, Жетісай қаласына жақын орналасқанымен талапқа сай инженерлік инфрақұрылымдары, яғни атап айтқанда осы елді мекендердегі Астана көшесі мен Көрікті көшелерінің асфалттары ойылып, күрделі жөндеуді қажет етіп отыр, сонымен қатар осы көшелерге орнатылған жарық шамдарының тозығы жетіп, толығымен шамдарды ауыстыруда қажет етеді, сондықтан осы қараусыз қалдырылған көшелерді күрделі жөнделуіне және жарықшамдардың ауыстырылуына ықпал жасаймын.
    2. Қарой елді мекеніне ФАП құрылысын салу,сапалы ауыз сумен, табиғи газбен, орталық көшесін электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алып, қажетті қаржыларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлдіруге ықпал жасаймын.
    3. Ынтымақ, Қарой, Мырзашоқы елді мекендері маңындағы ағынсу лотоктарын ауыстыру, қашыртқылар қазу, елді мекенге қарасты дренаждарды қалпына келтіру бойынша тиісті мекемелермен жұмыстар атқарамын.
    4. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша және облыстық, жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаржыларға сәйкес елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті сметалық құжаттамаларды жасақтап, жауапты мекемелермен біргелікті жұмыстар жүргіземін.
    5. Тұрғындарды Жаңа ауыл ауылдық округі мен Жетісай қаласы арасында қолжетімді қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету қажет деп санаймын. Осыған орай,барлық елді мекендерді аудан орталығымен байланыстыру мақсатында тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жасаймын.
    6. Өзекті мәселенің бірі жастар мәселесі бойынша. Жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қарой және Мырзашоқы елді мекендеріне спорт алаңдарын салуға тиісті мекемелермен біргелікті жұмыстар атқарамын.
    7. Ауыл жастарының уақытын тиімді пайдалану үшін, спорттық алаңшалар мен секциялар және бала алаңшалар орнын көбейтіп, жастарды қолдауға бағытталған жұмыстарды жүргізетін боламын.
    8. Ауыл шаруашылығы және басқа салаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелермен, гранттар және мемлекеттік бағдарламалар аясында, жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында тұрғындарға жауапты мекемелермен тиісті жұмыстар атқарамын. Егістік алқаптарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген түрлі тыңайтқыштармен жанар жағар майды(диз.топ) тиісті мерзімінде жеткізуді қадағалаймын.

    Осы мақсаттар үшін елге қызмет ете отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға барлық күш-жігерімді жұмсауға аянбаймын.

    «Жасында байқары жоқтың, қартайғанда айтары жоқ» деген халық даналығын ұстанған мен, елге қалтқысыз қызмет етуде сіздердің қолдауларыңызды күтемін. Сенімдеріңізді ақтау – менің азаматтық парызым!

    Ұраным: «Жаңа Қазақстан жастардың қолында». Маған қолдау көрсетуге шақырамын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері