
Курбанов Мұрат Керимханұлы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өмірбаяны Өмірбаяны Өмірбаяны
Курбанов Мурат Керимханович Түркістан облысы, Жетісай ауданы, (бұрынғы Жетісай с/х-ы №4 бөлімшесі) Жамбыл ауылында 1973 жылы қазан айының 3-ші жұлдызында орта шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол 1981 жылы Жамбыл атындағы негізгі мектепте оқып, Киров атындағы онжылдық мектепті 1991 жылы бітіріп шықты .
Әкем Курбанов Керимхан Жетісай совхозының №4 бөлімшесінде аға есепші, көп жылдар осы бөлімшенің меңгерушісі болып, осы бөлімшенің өсіп- өркендеуіне экономикалық жағдайын көтеруге орасан зор үлесін қосқан. Ауыл тұрғындары еселі еңбегін бағалап, есімін өзі тұрған көшеге беруді ұсынған. Анам Курбанова Гүлсім үй-шаруасында болған.
Алғашқы еңбек жолын 1991 жылы сол кездегі Жетісай совхозының №4 бөлімшесінде қарапайым жұмысшыдан бастап еңбек етті.
1991 жылдың желтоқсан айында Отан алдындағы азаматтық борышын Владивосток-Камчатка өңірлерде «Сүнгуір кемеде» әскер қатарында 1993 жылдың желтоқсан айына дейін өтеп келді.
1994- 1996 жылдары сол өзім туып өскен ауылында Жетісай совхозының №4 бөлімшесінде мақта бригадирінің көмекшісі болып қызмет істеді .
1996- 1998 жылдары жекешелендіру жұмыстары басталып, ірілендірілген «Нұр» шаруа қожалығын ашып, сол шаруақожалығының төрағасының орынбасары, 1998 жылы отбасыммен жеке бөлініп шығып, «Керімхан» шаруа қожалығының төрағасы болды.
2007 жылдан бастап, Елбасының саясатымен бастау алған, елді мекендерде Ауылшаруашылығы тұтыну кооперативін (АШТК), «Береке- 2017» АШТК- нің төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Шымкент қаласындағы Тәшенов атындағы университеттің «қаржылық – несие» мамандығы бойынша сырттай оқып, 2011 жылы бітіріп шықты. 2016 жылы (АШӨК) ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құру жөніндегі заң қабылданып, Қазыбек би ауыл округі бойынша «Береке – Мақта» АШӨК-тің төрағасы болып сайланды.
«Ел Президентінің ұсақ шаруаларды басын біріктіріп, ірілендіру мақсатында» осы округ бойынша 6500 га суармалы жерлерді біріктіріп, 643 шаруа қожалықтарды мүшелікке енгізді. Қазіргі таңда осы шаруа қожалықтарға үкімет тарапынан жеңілдетілген минералды тыңайтқыштарды, жанар-жағар майды және тұқымдықтарын жеткізіп беріп отырады.
Осы Қазыбек би ауыл округтері бойынша 3300 га суармалы жерлеріне шаруаларға ағын су жеткізіп береді.
Елге сіңірген елеулі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл, 20 жыл». ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен, «Озат мақта өндіруші» Дипломымен, «Озат ауылшаруашылығы кооперативтерін ұйымдастырушысы» номинациясы бойынша, «Су шаруашылығы қызметкерлер күні» кәсіби мерекесімен, жергілікті және өкілді органдарының көптеген Грамота және Алғыс хаттарымен марапатталған. «АМАNАТ» партиясының мүшесі.
Отбасылы, 3 ұл, 2 қызы бар.
№9 Сайлау округі
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер!
Мен Курбанов Мурат Керимханович, Жетісай ауданы, Қазыбек би ауыл округінің №9 учаскелік сайлау округінен Жетісай аудандық маслихат депутаттығына кандидат болып тіркелдім. Сіздердің сенімдеріңізге ие болып, депутаттыққа сайланар болсам: бірінші кезекте сайлаушыларымның өтініштері мен ұсыныстарын әрдайым басшылыққа алып, жұмыс жасаймын.
Елді мекен тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бар күш-жігерімді жұмсап, атсалысатын боламын. Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік атаулы көмектерді, бақылауда ұстаймын. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты ауылшаруашылық тауар өндіруші кооперацияларды және ауылшаруашылық өнімдерін жан-жақты өңдеуді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру. Ең алдымен Экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік дамуды жетілдіру керек. «Ерім» дейтін елім барда халық мүддесі жолындағы жұмыстан аянып қалмаймын. Қоғамның өзекті мәселелерін білу бір басқа, оны шешуде білек сыбана еңбек ету бір басқа: Баршамыз ақылдаса, біріге күш жұмылдырғанда ғана нәтижеге жетеміз.
Әрбір өңір, әрбір ауыл жаңа Қазақстанға лайықты дамып, гүлденуі керек, осынау келелі іске үлес қосу жолында барлық біліммен білігімді, тәжірибе мен біліктілігімді жұмсайтын боламын.
Тағы бір айта кететін жайт кәсіпкерлікті дұрыс жоспарлау жұмысын ретке келтіру. Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, икемі бар жігерлі жастарды кәсіпке баулып, даңғыл жол көрсету.
Қазіргі таңда жұмыссыздық, ең басты мәселе екені айдан анық. Жұмыссыздықпен күрес бойынша мемлекет тарапынан әр түрлі бағдарламалар қабылданып жатыр. «Жұмыспен қамту», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізіп, аудан халқының әлеуметтік жағдайын көтеру.
Заман талабына сай білім алу үшін, ең бірінші білім беру орындары толыққанды құрал-жабдықтар, кәсіби педагогтардан құрылуы тиіс. Жеткіншектердің сапалы білім алуын басты назарда ұстаймын. Болашақ – білімді ұрпақта.
Осы орайда жол бойында Әбиболла елді мекеніндегі мектепке баратын аяқ жолдар, кәсіпкерлік нысандарға берілген жерлердің аумағына кіріп кеткендіктен, бұзылған топырақ төгілген жерлері, балалардың үлкен жолға шығып кетуі қауіп тудырып жатыр, соны бірінші кезекте ретке келтіруге атсалысамын.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша және облыстық жергілікті бюджет есебінен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, тиісті сметалық құжаттамаларды жасақтап, жауапты мекемелермен біргелікті жұмыстар жүргіземін.
Ауылды көркейтуге, ағаш отырғызуға, ауылдағы ішкі көшелерін гүлдендіріп, көшені жарықтандыру, ауылдың көркеюіне ерекше мән берер едім.
Үй жағдайында қолданылған тұрмыстық қалдықтарды жүйелі түрде тазартып отыру, тұрғындардың тазалыққа деген менталитетін өзгерту бойынша жұмыс жасаймын.
Ауылды жерлердегі интернет желісінің нашарлауы басты мәселелердің бірі. Осы орайда арнайы министрлікке хат жолдап, 5 G желісін жеделдету жұмыстарын іске асыруға күш-жігерімді саламын.
Ағын судың жетіспеушілігіне байланысты тамшылатып суару әдісін технологиясын дамыту жолдары және бөлінетін субсидия мәселесін барынша шешуге тырысамын.
Егістік алқаптарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген түрлі тыңайтқыштарды,зиянкестерге қарсы дәрілерді және жанар- жағар майды (диз.топ) тиісті мерзімінде жеткізуді. Егістік алқапқа келетін ағын судың жолдарын, бетон арықтарды тазарту жұмыстары басты назарда болады.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы арқылы төмендетілген пайыз бойынша берілетін несиені жүйелі әрі жедел болуын басты назарда ұстаймын.
Денсаулық сақтау мекемелерінің мәселелерін шешуге барынша ықпал жасаймын.
Абиболла ауылынан мектеп салынатын жер аумағын анықтап, жаңа мектеп салуға атсалысамын.
Таубай ата ауылындағы көгілдір отынның қысымы төмен болуына байланысты, газ трубаларын мемлекеттік стандартқа сай өлшемге ауыстыруына септігімді тигіземін. Стандартқа сай трубаға ауыстыру қымбатқа түсуі халыққа ауыр тиюде. Екі тарап арасына мәміле жасауға атсалысамын.
Өркенді аулындағы өзекті мәселе ауыз су. Осы ауыз су мәселесін жаңадан бұрғыма мұнарасын орнатуға, халықты тұщы сумен қамтамасыз етуге ықпал етемін. Ауылға медициналық пункт пен орналасу жайын жүйелі түрде бақылауға аламын.
Жамбыл аулындағы мемлекеттен бөлінген арнайы жер телімдерін тиянақты түрде үй кезегінде тұрған жас отбасыларға, әлжуаз топтағыларға кедергісіз жер телімін қамтамасыз ету жолдарын қадағалаймын. Сонымен қатар Шәкәрім, Байтұрсынов көшелеріне көгілдір отынмен қамтамасыз етуді басты назарда ұстаймын.
Рушылдық, жершілдік, кейбір адамдардың мүддесі үшін емес, қарапайым халықтың жақсы жағдайы үшін дауыс беруге шақырамын.
Мен өзімді жас санамаймын ел ағасы болатын жасқа келгенде, артымызда ізгі іс қалдырғым келеді.
Сенімдеріңізді ақтау – менің азаматтық парызым.





