
Қайназаров Асқар Нұртайұлы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өмірбаяны Өмірбаяны Өмірбаяны
Мен, Қайназаров Асқар Нұртайұлы, 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келдім.
2016 жылы Қазақстан -Британ Техникалық университетінің«Экономист» мамандығын алдым.
Еңбек жолын 2016 жылы жеке кәсіпкер болып бастадым. 2020 жылдан бастап «Z&M GOLD SYSTEMS» ЖШС-де басшысы және негізін қалаушы болып жұмыс атқарамын.
Жетісай ауданы мәслихатының 7 шақырылым депутаты болдым.
ҚР Президентінің «Алғыс» хатымен, аудан әкімінің «Құрмет» грамотасы,Түркістан облысынң әкімі Ө.Шөкеевтың алғыс хаты, АMANAT партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың алғс хаттарымен марапатталдым. Екі баланың әкесімін (бір ұл, бір қыз).
№6 САЙЛАУ ОКРУГІ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар!
Әділ Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихатының депутаты болып сайлансам сіздермен бірге табамыз деген ойдамын. Басты мақсатым Жетісай қаласы және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Ол үшін:
- Баршамызға белгілі біздің өңір сай жерде орналасқаны себепті сор жер бетіне тез көтеріліп тұрады, сол себепті қала ішіндегі және ауылдардағы тік дренаждарды іске қосуға;
- Біздің өңірдің бірінші күнкөрісі ауылшаруашылыққа байланысты болуына себеп шаруа қожалықтарына жанар-жағар майларды уақытылу жеткізуге;
- Шаруаларға жеңілдетілген минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету;
- Шаруа қожалықтарды зиянкестерге қарсы қолданылатын биоагент пен ербициттерді субсидиалауға;
- Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің көрсеткішін ұлғайтуға;
- Бас партиямен бірлесе қаламызға инвесторлар есебінен жаңа кәсіпорындар ашуға жайғдай жасауға;
- «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы жобаларды іске асыруға;
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен (кәсібін кеңейтуе, қызмет көрсету саласына) тұрғындардың жобаларын несиелендіруге;
- «Жетісай қаласындағы М.Әуезов көшесі бойынан 3 қабатты тұрғын үй құрылысы» жоспарлануда және Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80га ішінен 5 қабатты 20 пәтерлі №2,3,4 тұрғын үйлер мен 5 қабатты 20 пәтерлі №1 және 5 қабатты 60 пәтерлі №1,2 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Осы шаралар нәтижесінде кезектегі 224 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға тұрғын үй беруге;
- Жетісай қаласының тұрғындарын 100% ауыз сумен қамтамасыз етуге;
- «Жетісай қаласы аумағында ұлғайтылған 35 га жер теліміне кәріз жүйесінің, газ реттегіш пунктін және газ жүйесінің құрылысы мен электр желілері құрылысы, ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге;
12.Жетісай қаласы аумағынан транзиттік жеңіл және ауыр жүк көліктері үшін айналма жол салуға;
13.Жетісай қаласының Амангелді көшесінің күрделі жөңдеуден өтуіне ықпал етемін.
14.Атамекен ауылдық округі Талапты елдімекенінің көшелерін асфальттау, жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін;
- Аудандық бюджеттен қаланың ішкі көшелерін орташа жөндеуге және инфрақұрылымын дамытуға;
- Науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектің қорын жасақтауға;
17.Қаладағы және ауылдағымүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту;
- Жетісай қаласынан және Талапты ауылынан талапқа сай спорт кешенін салу;
- Атамекен ауылдық округі Талапты елдімекенінде заманауи акушерлік-фелдьшерлік пункттің жаңа ғимаратыны салынуына ықпал етемін.
20.«Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу, отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізуге ықпал жасаймын.
Құрметті сайлаушылар!
Бұл бағдарламада көрсетілген тараулар – атқарылуы тиіс жұмыстардың шегі емес. Талапты ауылының тумасы және бүгінде осы қаланың тұрғыны ретіндеөз сайлаушыларымның әл-ауқаты менөмір сүру сапасының жақсарғанын шын ниетіммен қалаймын және алғақойылған міндеттерді шешу үшін өз кандидатурамды ұсынып отырмын.Сайланған жағдайда бар күш-жігерімді,мүмкіндіктерімді осы бағытқа жұмсайтын боламын!
Біз Сіздермен бірге Күшті мемлекет құруға және алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.





